

Ақтөбе облысының прокуратурасы ағымдағы жылдың 9 тамызында 2019 жылдың 2 жартыжылдығына арналған спорттық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын орындау аясында шағын футболдан аймақтық жарыстар өткізеді.
Жоғарыда аталған жарыс Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлері арасында шағын-футболдан жарыс регламентіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай өткізіледі.
Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлері қатысады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз ағымдағы жылдың 23-24 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жарыстың финалдық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.
Осындай іс-шаралар қызметкерлердің тиісті дене дайындығын қамтамасыз ету және ұжымдағы корпоративтік рухты нығайту мақсатында жүзеге асырылуда.
Ақтөбе облысының прокуратурасы
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу