Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру

27 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Пробация қызметінің есебінде тұрған  адамдарды жұмысқа орналастыру - 674658612

26 қыркүйекте Ақтөбе облысының прокуратурасында заңдылықты қамтамасыз ету жөнінен Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті.

Оған барлық деңгейдегі әкімдіктер, Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті мен облыстық полиция, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастырудың мәселелері қаралды.

Түрме халқын азайту жөнінен жұмыстың нәтижесінде пробация есебіндегі адамдардың саны өскендігін атап көрсетілді, алайда сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту жөнінен тиімсіз жұмыс қайта қылмыстардың көбеюіне әкеп соғады.

Мысалға, ағымдағы жылы пробация есебінен 3176 сотталған өтсе, оның 66 қайта қылмыстар жасаған, соның ішінде 54% жұмыссыз жүргендер.

Қызығы, қайта қылмыстардың 15% дейіні бұрын сотталғандармен босап шыққаннан кейін шамамен алғашқы үш-төрт айында жасайды екен. Негізінде, осы кезеңде олар жұмыс ізденісінде болады, және қол бос болғандықтан өз-өздеріне арналған. Сондықтан, біздің айырықша назар олардың жұмысқа орналасуына аударылуы тиіс.

Соған байланысты, облыс прокуратурасымен сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөнінен жауапты мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі зерделенді.

Талдау көрсеткендей аталған бағытта күрделі кемшіліктер бар. 

Бір жағдайда, осыған себеп ретінде мемлекеттік аппараттың сапасыз жұмысы, нақты бекітілген ұйымдардың жұмысқа қабылдау жөнінен жүктелген міндеттерін орындамау болса, екінші жағдайда, сотталғандардың өздері ұсынылған жағдайда жұмысқа орналасуға ниеті жоқ. 

Өкілетті органның пробация есебіндегі адамдар жұмысқа орналасқандар мен жұмыссыздар жөніндегі есептік санының күмән туғызып, облыс прокуратурасы қарсы тексерістермен олардың іс жүзінде олай емес екендігін анықтады. Мысалы, Ақтөбе қаласының Астана және Алматы аудандарындағы есепте тұрып жұмысқа орналасқан 247 адамның зейнетақы аударымдары жасалмаған, демек жұмыста жоқ деуге болады.    

Осы жылға облыс бойынша пробация есебіндегілер үшін 483 жұмыс орынға белгіленген квота тиісті дәрежеде орындалмай отыр. Тіпті бірқатар аудандарда квотамен бірде-бір сотталған жұмысқа орналастырылмаған, ұсынылған жұмыс орындарынан 150 астам сотталған бас тартқан. 

Осы сұрақтарды қарап, Үйлестіру Кеңесі барлық уәкілетті органдардың өзара әрекеттестігін күшейту, қолданыстағы жүйелерді интеграциялау, сотталғандар үшін белгіленген жұмыс орындарының квоталарын қайта қарау, квота бойынша жұмыстың жалақы мөлшері сол өңірдегі орташа айлық жалақы деңгейінен төмен емес жұмыстарды ұсыну, әлеуметтендіру жөнінен әкімдіктермен берілетін көмектің сапасын жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.                                   

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу