Пресс-релиз (Ақтөбе қ. 30.07.2013ж.)

31 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2012 жылдың 18 шілдесінде сағат 00:30 – да Ақтөбе қаласының прокуратурасымен тексеру жүргізу барысында Ақтөбе қаласы Мясоедова көшесі бойында орналасқан казиноның, покер клубының және ойын автоматтарының ҚР-ның «Ойын бизнесі» туралы 12 қаңтар 2007 жылғы тыйым салынған заңының құқық бұзушылық іс-әрекеттері анықталды.
Тексеріс жүргізу барысында казино және покер ойын сауық клубында заң бұзушылық іс-әрекеттерінің негізінде персонал қызметкерлерінің өз еркімен берілген төмендегідей заттар жойылды: механикалық рулеткасы бар 1 ойын үстелі, 5 ойын автоматтары, 1 покер үстелі, түрлі-тусті ойын фишкалары, ойын картасы және 49 000 мың теңге көлемінде ақша.
Осы дерек бойынша 22.07.2013 жылы Ақтөбе қаласының прокуратурасымен ҚРҚК-нің 260 бабының 1-1 тармағымен қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар тексеру барысында жеке кәсіпкердің «Табыс» базарында ұтысты сол сәтте берілетін лоторея ұйымдастыруда және өткізудегі заңсыз қызметі анықталды.
28 қаңтар 2012 жылдың № 1716 қаулысымен «Кейбір лицензияның лоторея өткізудегі және ойын бизнесі іс-әрекеті сұрағы туралы» лоторея құрал жабдықтарында өзіне сәйкес лоторея билеті туралы информациялар қабылдағыштары болуы тиіс. Олар ұтыстардың тез арада көрсетілуін қажет етпеуі тиіс.
Осы аталған дерек бойынша Ақтөбе қаласының прокуратурасымен лоторея құрал жабдықтарын жою туралы заңға сәйкес шаралар қолданылып жатыр.
Ақтөбе қаласының
прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу