Пресс-релиз (Ақтөбе қ. 18.09.2013ж.)

18 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

18.09.2013 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасында прокуратура органдарының  кәсіпкерлікті қорғау саласындағы жұмыс нәтижелері туралы мәселе қаралған алқа мәжілісінің кезекті отырысы болы өтті.
  Прокурорлардың назарын кәсіпкерлік саласымен байланысты секторлар қызметіндегі   мейлінше әлсіз сәттерге, сондай-ақ қызмет  салаларына баса  аудару мақсатында, біздермен «Кедергісіз кәсіпкерлік» Өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама) әзірленіп, іске асырылуда.  
Бағдарламаны әзірлеудегі басты мақсат – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, бизнеске әкімшілік қысымшылықты төмендетуді қамтамасыз ету, қадағалаушы-бақылаушы органдар тарапынан заңсыз тексерулер жүргізудің алдын алу және жол бермеу, осы саладағы  шешуі қиын мәселелерді БАҚ жариялау, құқықтық көмек көрсету, атап көрсетілген салаға қатысты  заңнамаларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, прокуратура органдарының Имиджін және оларға  халықтың сенімділігін арттыру болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру шегінде, облыс прокуратурасы жанында  кәсіпкерлікті қорғау және қолдау көрсету мәселелері бойынша, негізгі міндеттері кәсіпкерлік саласындағы шешуі күрделі мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру, заңнамалар мен  мемлекеттік органдардың құқықтық актілеріне, оларды жетілдіру, т.с.с.(Кеңес құрамына облыстағы аса белсенді бизнес – ассоциация  басшылары кіреді) мақсатында талдау  жасау болып табылатын  Сараптау Кеңесі құрылды.
«Атаменкен Одағы» ҰЭКП базасының негізінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.  «Көліктегі қоғамдық қабылдау», «Шенеунік және кәсіпкер», «Кәсіпкермен бірлесіп мемлекеттік органдар арқылы» (тікелей талдау) акциялары өткізілуде.  
Өңірдегі бизнес-қоғамдастықпен  өзара  белсенді іс- қимыл  қалыптастырылды, барлық туындаған даулар мен келіспеушіліктер, оларды орталық деңгейге шығармай-ақ, облыс деңгейінде шешіледі.
Бүгінгі таңда, біздер Бағдарламаны іске асыру шегінде прокуратурамен атқарылған  жұмыстардың белсенділіктері айтарлықтай арттырылғаны  және нәтижелі болып отырғаны туралы  деректер келтіре отырып, тілге тиек етіп айта аламыз.
Мәселен, 2013 жылдың өткен кезеңі ішінде біздермен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған  62 тексеру жүргізіліп,  олардың барысында 327 заң бұзушылық анықталды және бүгінгі күні олардың 271 жойылып, қалпына келтірілді. Заңбұзушылықтарды жою туралы енгізілген 42 ұсыныстың 26-сы, 3 ұйғарым, 4 наразылық  қаралып, 1алдын ала ескерту жарияланды, 7 Заңға түсіндірме беру  жұмыстары жүргізілді.  
Қадағалау актілерін атқару нәтижелері бойынша 209 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды, 5 заңсыз құқықтық актінің, оның 2-і нормативтік- құқықтық сипатта, күші жойылып,  29 тұлға (олардың ішінде 11 тұлға – сыбайлас жемқорлық сипаттағы) тәртіптік, 10 тұлға - әкімшілік (ҚР ӘҚБтК153-б. бойынша- заңсыз тексеру) жауаптылыққа тартылды.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен бірлесе отырып, 100 астам  кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу үшін тіркеуден бас тартылды және  шаруашылық субъектілерінің қызметіне заңсыз тексеру жүргізу  бойынша 60 –тан астам   дерек анықталды.
Жергілікті атқару органдарының қызметіне жер қатынастары, сондай-ақ  сәулет және қала құрылысы саласындағы кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау мәселелері бойынша нәтижелі тексерулер жүргізілді.
Жүргізілген тексеру нәтижелері Ақтөбе қ. жекелеген аудандарының әкімдіктерімен (жер қатынастары, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы бөлімдері)  қолданыстағы заңнама  нормаларының, кәсіпкерлердің құқықтарының, олардың қызметіне негізсіз кедергілер келтіру(тапсырыстарын кейінге қалдыру, тапсырыстарын қарау мерзімдерін бұзу, шектеу ауыртпалығы)  түрінде  бұзылуына жол берілетіндігін көрсетті.
Қазіргі уақытта  облыстық прокуратура органдарында  кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмылдырылған (мобильді) топтар құрылды (топтардың міндеті,   кәсіпкерлерге, соңғыларынан, егер  олардың қызметіне жүргізілетін  тексерудің  заңсыздығы туралы хабарлама келіп  түскен жағдайда, көмек көрсетуге жедел шығу (тексерудің бастапқы кезеңінде).
Ағымдағы жылдың өткен кезеңі ішінде жұмылдырылған (мобильді) топтарға 40 дабыл келіп түсті, оның 18 расталды, 60 заң бұзушылықтың алды алынды. Барлық келіп түскен дабылдар бойынша біздермен  түбегейлі шаралар алынды, заңбұзушылықтар қалпына келтірілді, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды, атап айтқанда, заңсыз тексеру жүргізгені үшін 6 тұлға – ӘҚБтК153-б. бойынша әкімшілік, 7 тұлға, оның ішінде 3 тұлға сыбайлас жемқорлық сипатында,  тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Сондай-ақ,  біздермен Атамекен Одағы жанынан Қоғамдық қабылдау құрылды. Сонымен қатар, Бағдарламаны іске асыру шегінде «Көліктегі қоғамдық қабылдау» акциясы жүргізілуде, оның барысында жұмыс топтарымен  облыстың 2: Хромтау және Мәртөк аудандарына іс –сапарға шығуы ұйымдастырылды.
Өткізілген кездесулерде кәсіпкерлердің мемлекеттік бақылау органдарының қызметімен байланысты (келіп түскен арыз-шағымдар, ұсыныстар) қиыншылықтар,  кәсіпкерлік қызметті еркін жүзеге асыруға бөгет жасайтын  әкімшілік кедергілер, кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде кездесетін  мемлекеттік жәрдем алуға қатысты  шешуі қиын мәселелер қаралды.  
    Іс-сапарларға шығу   кезінде мемлекеттік Бғдарламаларды іске асыруға тартылған Институттардың өкілдерімен  мемлекеттік жәрдем алу тәртібі  туралы үгіт- насихат,  түсіндірмелер жүргізілді, сондай-ақ жекелеген кәсіпкерлерге нақты кеңестер беру жұмыстарымен қатар, Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін тапсырыстар мен құжаттарды қабылдау тәртібімен    таныстырып, көрсету жүзеге асырылды.   

Ақтөбе облысы прокуратурасының 1-Басқармасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу