Пресс-релиз

31 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе қалалық сотына арызданушы В.В.Ковальчук жауапкерлер Ақтөбе қалалық әкімдігіне, «Ақтөбе қалалық архитектура және қала құрылысы бөлімі» ММ-не әрекетін заңсыз деп тану және жауапкерлерге тұрғын үй құрылысын салуға рұқсат беруді міндеттеу туралы арызымен жүгінген.
Ақтөбе қалалық сотының 1 сәуір 2013 жылғы шешімімен арызданушының арызы толығымен қанағаттандырылды.
Сот өзінің тұжырымында жауапкерлер тарапынан арызданушының заңмен көзделген құқықтары мен мүдделерінің бұзылғандығын, сондықтан соңғыларын бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге міндеттенген.
    Соттың бұл тұжырымымен Ақтөбе қалалық прокуратурасы келіспей Ақтөбе облыстық сотына апелляциялық наразылық енгізілді.
Себебі, жауапкерлер тарапынан арызданушыға заңмен көзделген мерзім ішінде оның өтінішіне толық әрі жан-жақты жауап берілгендігі, арызданушының тұрғын-үй құрылысын салуды сұрап отырған жері «жеке тұрғын үй құрылысын салу» мақсатында емес, яғни «бау-бақша жүргізу» үшін берілгендігі, сонымен бірге «Қазақстан Республиасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының талаптарында көзделген «бау-бақша жүргізу» мақсатындағы жер телімдеріне құрылыс салу үшін сәулет және қала құрылысы бөлімдерінен рұқсат қажет етпейтіндігі, әрі осы жер телімінде салынып біткен құрылысқа рұқсат беруді сұраған.
Ақтөбе облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының 3 маусым 2013 жылғы ұйғаруымен соттың шешімі бұзылып, іс бойынша арызданушы В.В.Ковальчук жауапкерлер Ақтөбе қалалық әкімдігіне, «Ақтөбе қалалық архитектура және қала құрылысы бөлімі» ММ-не әрекетін заңсыз деп тану және жауапкерлерге тұрғын үй құрылысын салуға рұқсат беруді міндеттеу туралы арызын қанағаттандырусыз қалдырылды.
Ақтөбе қалалық прокуратурасының апелляциялық нарызылығы толығымен қанағаттандырылды.

Ақтөбе облысының
прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу