Ойыл аудандық прокуратурасымен табиғатты қорғау саласында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қадағалау жұмысының нәтижесі туралы

20 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ойыл аудандық прокуратурасымен жер қойнауын пайдалану саласындағы экологиялық заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 218 бабының 1 тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiздеме болып табылады.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісім шарт жасасу жолымен жүргізілуі тиіс.

Алайда, анықталғаны, «АгенствоБизнеспроект» ЖШС, тиісті мемлекеттік экологиялық сараптама рұқсатынсыз «Ақтөбе обаға қарсы стансасы Ойыл обаға қарсы бөлімшесі» ММ-нің кірпіштен қоршау құрылысы үшін жер қойнауын пайдаланып, кең таралған пайдалы қазбаға жататын құмды қазып, құрылысқа пайдаланған.

Осы факті бойынша аудандық прокуратурамен Ақтөбе облысы бойынша Экология департаментіне заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді.

Аталған прокурорлық ықпал ету актісін қарау нәтижесінде, жер қойнауына деген мемлекеттік меншікті бұзғаны үшін «АгенствоБизнеспроект» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 122 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 207 720 тенге көлемінде айыппұл салынды.

         Сонымен қатар, қабылданған шаралар нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген 47 644 тенге көлеміндегі шығын өтелді.

        

Ақтөбе облысының

Ойыл аудандық прокуратурасы

(Ақтөбе, 19 маусым 2013 жыл)

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу