Ойыл аудандық прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

23 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ойыл аудандық прокуратурасымен Ақтөбе облысы прокурорының №8 18.01.2013 жылғы бұйрығымен бекітілген «Заңдылық – ауыл шаруашылығының дамуына жол ашық» атты аумақтық бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдануда.
Нақты айтқанда, осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Ойыл ауданы бойынша салық басқармасы» ММ-де тексеру жүргізіліп, шаруашылық қожалықтарына көлік салығын негізсіз төлету фактілері анықталды.
Нақты айтқанда, ҚР Салық Кодексінің 442 бабының 1 бөлігі 4 тармақшасына сәйкес, бiрыңғай жер салығын төлеушiлер осы Кодекстің 365-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында аталған салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.
Ал, осы Кодекстің 365 бабының 3 бөлігі 1 тармақшасына сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шаруа немесе фермерлік қожалық басшысына және (немесе) оның мүшелерiне жалпы меншiк құқығында, меншiк құқығында тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын мынадай көлiк құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушiлер, двигателінің көлемі 2500 текше сантиметрге дейінгіні қоса алғанда, бір жеңіл автомобиль, 1:1 қатынасты сақтай отырып двигателінің шекті жиынтық қуаты 1000 гектар егістікке (шабындықтарға, жайылымдарға) 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері бар, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
Бұған қарамастан, бірыңғай жер салығын төлеуші «Данияр-С» шаруашылық қожалығы шаруашылығында пайдаланып жүрген 4 жүк көлікгіне 60 978 теңге көлік құралы салығын төлеген.
Нақ осылайша, «Елдос», «Сағын», «Естек», «Әділет», «Нұр-Асыл», «Дәурен-Ай», «Аққұбай», «Балтас», «Дәурен-С», «Досым», «Қайрош», «Данагүл» шаруашылық қожалықтарымен 256 614 тенге көлік салығы негізсіз төленгені анықталды.
    Осыған орай, аудандық прокуратурамен Ойыл ауданы бойынша салық басқармасы бастығы атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, оның қаралу қорытындысымен кәсіпкерлік субъектілерімен төленген көлік салықтары өзге салықтарға қайта есептелді.
Сонымен, Ойыл аудандық прокуратурасы тарапынан қабылданған шаралар нәтижесінде 13 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, 256 614 тенге қаржы қайтарылды.

Ойыл ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу