Өтініштермен (арыз-шағымдармен)жұмыс саласындағы қызмет туралы

19 қазан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасы мемлекеттік органдарға жүгіну  институтының тиімділігін арттыруға бағытталған «Арыз-шағым-жұртшылық пікірі» жобасын  іске асыруда.

Жобаны іске асыру шегінде облыс әкімдігі мен  прокуратурасы, сондай-ақ ХҚКО Департаменті арасында  мемлекеттік органдардың іс-әрекеті мен әрекетсіздігіне қатысты өтініштерді облыстық ХҚКО филиалдары арқылы қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірлескен өкімге қол қойылды.

Бұған қоса, жобаны іске асыру шегінде облыс прокуратурасымен Ақтөбе қ. Тургенев көшесіндегі  ХҚКО-нда Қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдау облыс прокуратурасы жанындағы Консультативтік Кеңес мүшелерімен және прокуратура ардагерлерімен жүзеге асырылады.

Облыс тұрғындары әртүрлі салалар бойынша түсіндірмелер алумен қатар, прокуратура органдарына да  жүгіне алады.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу