Мемориалдық тақта ашылды

06 мамыр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

5 мамыр 2016 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы прокуратурасының ардагері Константинов Анатолий Васильевичтің есімін мәңгілікке ардақтау құрметіне орай естелік мемориалдық тақтасы ашылды.

Константинов А.В. 1948 жылдың 25 наурызында Челябинск облысында дүниеге келген.

Свердловск заң институтын оқып бітіргеннен кейін Астрахан ауданы прокуратурасының тергеушісі болып, одан кейінгі жылдары Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, Батыс Қазақстан аймақтық көлік прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Анатолий Васильевич тәуелсіз мемлекеттің прокуратура органдарының қалыптасуына үлкен үлес қосқан. Оның басшылығымен бүгінгі таңда еліміздегі заңдылықтың нығаюына мол тәжірибесі мен кәсіби біліктіліктерін арнап қызмет атқарып жүрген өз кәсәбіне шын берілген прокурорлардың бірнеше ұрпағы өсіп тәрбиеленді.

Шараға құқыққорғау органдарының қызметкерлері мен прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу