Мемлекеттік – жекеменшік серіктестік туралы келісімшарт бұзылды

03 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе қ. Алматы ауданының прокуратурасы «Электрондық билеттендіру жүйесін  енгізу арқылы теміржол вокзалы алдындағы көшедегі автокөлік тұрағы » жобасы бойынша міндеттемелерді орындау кезіндегі заңдылықтың сақталуы жағдайына талдау жүргізді. 

2018 ж. қыркүйекте Ақтөбе қ. жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Бөлімі жеке кәсіпкермен Ақтөбе қ. теміржол вокзалының алдында көшедегі автокөлік тұрағын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік келісімшартын жасаған.

         Келісімшартта жобаны жүзеге асырудың екі мерзімі қарастырылған: біріншісі жаңарту (модернизация) кезеңімен байланысты – 3 ай, екіншісі жекеменшік серіктестіктің  объектіні пайдалану кезеңімен байланысты – 5 лет.   

«Мемлекеттік - жекеменшік серіктестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында нәтижелілік принципі – мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің нәтижелерге қол жеткізуін бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер мен көрсеткіштерді айқындау (белгілеу)  қарастырылған.

Десек те, талдау  мемлекет те, сол сияқты  жекеменшік серіктестік те келісімшарт міндеттемелерінің талаптарын  орындамағанын көрсетті.  

         Атап айтқанда, келісімшартта жекеменшік  серіктестіктің жалпы сомасы 14 млн. астам тг. құрайтын,  көлемі 3x2 биіктігі 2,5м. шатыры (қалқасы) бар, екі модульді БӨБ (КПП)  сатып алуы мен орнатуы қарастырылған. 

Жаңартуды  аяқтаған соң, объекті коммуналдық меншікке беруге жатқызылған, алайда жекеменшік серіктестік  көрсетілген талаптарды  орындамаған.

         Бұған қоса, мемлекеттік  серіктестік тарапынан автокөлік қою тұрағын  орналастыру және қызмет көрсету үшін жер учаскесін уақытша тегін жер пайдалануға беруді тиісті деңгейде ресімдемеу түріндегі  бұзушылықтарға жол берілгені  анықталды.

Заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік келісімшарты бұзылды, Ақтөбе қ. жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Бөлімінің кінәлі тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 

                 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

        

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу