Мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру тиімділігін қадағалау

25 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасы Бас прокуратураның тапсырмасы  бойынша орта арнайы білім беру мекемелерінде  мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бөлінген бюджеттік қаржының тиімді пайдаланылуына тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде көрсетілген қызмет түрлерінің ақысын негізсіз көтеру, оқуды тоқтатқан студенттерге ақша қаражаттарын аудару, оқушылардың, оның ішінде жетім балалардың, мүліктік құқықтарын бұзу, оқытушылардың біліктілік талаптарына сәйкессіздігі фактілері анықталды.  

Қадағалау шаралары арқылы 49 жетім балаға тиесілі, олардың оқу кезеңдерінде алмаған,  жалпы сомасы  4,3 млн.теңге мөлшеріндегі шәкіртақылары мен жәрдемақылары төленді.

Студенттерді, оларға мүшелік жарналар төлету арқылы, білім беру қызметкерлері кәсіподағына мәжбүрлі түрде кіргізу тәжірибесі тоқтатылды.  

Тексеру шеңберінде облыс колледждерінен  бюджетке 13,9 млн.теңге қаражат өндіріліп алынды.

Қадағалау актілерін қарау нәтижесінде барлығы  50 тұлға  әртүрлі әкімшілік және тәртіптік  жауаптылыққа  тартылды. 4 техникалық, кәсіптік және орта  білімнен кейінгі білім беру  мекемесінің  лицензияларының қолданысы тоқтатылып қойылды.

 

Ақтөбе облысының  прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу