МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!!!

31 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!!!  - 635353145

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!!!      

 

         Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығымен республикада төтенше жағдай енгізілді.

         Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысында наурыздың 30-нан 31-не қараған түн ортасында ерекше тәртіп шектеулері енгізіледі.

         Облыстың, қаланың және аудандардың сыртқы периметріне бақылау енгізіледі.

         Төтенше жағдай кезінде шектеулерді бұзғаны үшін айыппұл және қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.

         Мысалы, Алматы қаласында карантинді бұзғаны үшін 190 адам жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 107 әкімшілік айыппұл, 80-қамау, 3-ескерту түріндегі жазаға тартылды.

         Төтенше жағдай кезінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін Қылмыстық кодексте бас бостандығынан айыруға дейін неғұрлым қатаң жаза көзделген.

         Пандемияның таралуын тоқтатудың тиімді тәсілдерінің бірі ерекше режимінің шектеуін сақтау болып табылады.

         Коронавирустың таралуын барынша қысқарту үшін азаматтық жауапкершілік көрсету МАҢЫЗДЫ.

         Есіңізде болсын, Сіздің жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығы біздің әрқайсымызға байланысты.

         Үйде болыңыз. Шектеу шарттарын сақтаңыздар!

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы.