Құпия әшкереленді! Учаскелік инспектор қылмысты жасырғаны үшін сотталды

26 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

10.06.2013ж. Мәртөк ауданының сотымен ҚР ҚК 363-1 б. 1-б. бойынша К.қатысты үкім жарияланды.

Азамат К.  учаскелік полиция  инспекторы, яғни билік өкілі,  қылмыстарды анықтау, алдын алу, жол бермеу, сондай-ақ ашуды жүзеге асыруға уәкілетті  лауазымды тұлға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қызметтік  мүддесіне қарамастан,  заңсыз қылмыстық қол сұғушылықтардан  қорғауға міндетті бола отырып, талапкерден азаматша А. 6 бас ірі қара малының жоғалуы туралы  ауызша мәлімдеме қабылдай отырып,   Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының 12.09.2011жылғы №83 Бұйрығымен бекітілген «Қылмыстар, жағдайлар туралы арыздар, хабарламалар, шағымдар мен   өзге де ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, оның ішінде электронды форматта, және қарау туралы  Нұсқаулығының» жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы  кез-келген арыздардың (жазбаша немесе ауызша)  осы Нұсқауда белгіленген тәртіппен  тіркеуге алуға жататыны туралы атап көрсетілген  12-тармағының талаптарын бұзу арқылы, арызды тіркеу шараларын алмай,   қасақана,  орта дәрежедегі қылмысты, ұрлық дерегін жасыру арқылы, 2012 жылғы 18 қыркүйектен 25 қазанға дейін  тіркеуге алудан жасырған.

Талапкер А. 6 бас ірі қара малының жоғалу дерегі бойынша  23 қазан 2012 жылы прокуратура органдарына шағымданғаннан кейін, аудан прокурорымен  осы дерек бойынша ҚР ҚК 175- бабы, 2-бөлігінің «а»тарм. бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша Мәртөк аудандық соты ҚР ҚК 363-1 б. 1-б.қарастырылған   қылмысты  жасағаны үшін К.  кінәлі  деп таныды және 2(екі) жыл мерзімге  мемлекеттік  лауазымды қызметте болу құқығынан айыра отырып,  екі жыл мерзімге  бас бостандығын шектеу  түріндегі жаза тағайындады (үш жыл мерзімге дейін белгіленген лауазымдарды атқару құқығынан айырумен екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлмен немесе үш жылға  дейінгі мерзімде белгіленген лауазымдарды атқару құқығынан айырумен екі жылдан бес жылға дейін  бостандығын шектеумен жазаланады).

Үкім заңды күшіне енген жоқ.   

Ақтөбе облысы прокуратурасының 5-Басқармасының бастығы Ж.З.Отарбаева

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу