«Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, кінәлі қызметкерлер жазаланды»

13 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Хромтау ауданы прокуратурасының сенім телефонына Т.Т.Калайда атты жеке кәспікерден Хромтау қаласында орналасқан Сауда орталығында Хромтау ауданы бойынша Салық басқармасының қызметкерлерімен жеке кәсіпкерлердің қызметінде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығы жөнінде ауызша хабарлама түскен.

Бұл факті бойынша Хромтау ауданы прокуратурасының мобилдік тобы Сауда орталығына шығып, Салық басқармасының қызметкерлерімен тексеруді тағайындау туралы актісіз жеке кәсіпкерлердің қызметінде заңсыз тексерулер жүргізуі расталды.

         Сонымен бірге, Салық басқармасының қызметкерлерінің осыған тектес әрекеттеріне қатысты 42 кәсіпкерден ұжымдық шағым келіп түсті.

         Прокурорлық тексерумен салық органының қызметкерлерімен тексеру кезінде кәсіпкерлерден кассалық аппараттарын, патенттерін көрсетуді, келіп түсетін тауарлары, жалдау алаңының көлемі, жалдагерлік төлемнің көлемі жөнінде мәліметтер беруді талап еткендігі анықталды.

            Сонымен бірге, аталған тексерулер қосымша кәсіпкерлерді Салық басқармасына шақырып, олардан жазбаша түсініктемелер алынып, жүргізілген.

         Қолданылған прокурорлық ықпал ету шараларының негізінде заңсыз тексеруге тосқауыл қойылып, Хромтау ауданының прокурорымен қозғалған әкімшілік істерінің қарау нәтижесі бойынша Хромтау аудандық сотының қаулыларымен Хромтау ауданы бойынша салық басқармасы бастығының міндетін атқарушысы А.С.Сарсембай, оның орынбасары К.К.Шляшева, сонымен қатар, бас мамандар А.Сұлтанов пен М.Исмаилов Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 153 бабы 1 бөлігінің 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік жазаға тартылып, әр қайсысына 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

         Сондықтан, осы тексеру нәтижесі бойынша 43 жеке кәсіпкердің құқықтары қорғалды. 

 

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданының прокуратурасы

(Ақтөбе, 13 маусым 2013 жыл)

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу