Кәсіпкерлер құқықтары қорғалды

25 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасы Ойыл ауданының ауылшаруашылығы және ветеринария Бөлімі тарапынан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау ережелерін бұзу, сондай-ақ оның өнімділігін арттыру фактілерін анықтады.

 Бөлімнің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытумен айналысатын 50 шаруа қожалығына ұзақ уақыт бойы субсидия төлемегені анықталды.  

Мысалға, «Балтас»ШҚ-на асыл тұқымды жеті бас жылқы сатып алғаны үшін, 2015 жылы жалпы сомасы 280 мың теңге мөлшеріндегі үстеме қаржы (дотация) төленбегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау шаралары арқылы кәсіпкерлерге тиесілі жалпы сомасы 7 млн. теңге қаржы төленді, Бөлімнің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу