«Кәсіпкердің құқығы қорғалды!»

19 сәуiр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мәртөк ауданының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау бойынша жұмылдыру тобына  «Мартук Сут» ЖШС компанияны  борышкерлер тізілімінен шығаруға жәрдемдесу  туралы өтінішімен жүгінген.

Өтінішпен жүгінудің негізгі себебі, тізілімге енгізу үшін негіз болған істің сотта қаралуы 2016 жылдың 1 қаңтарында бейбіт келісім жасаумен аяқталғанмен, ал берешектер өтелгенімен, «Мартук Сут» ЖШС-нің 2016 жылдан бастап атап көрсетілген тізілімнен  шыға алмауы болып отыр.  

Атап көрсетілген жағдай  «Мартук Сут» ЖШС-нің мемлекеттік сатып алуға қатысуына кедергі келтірген, сөйтіп, отандық өндірушілердің құқықтарын шектеген.

         Осы мәселе бойынша Мартук Сут» ЖШС а.ж. қаңтар айында әділет органына жүгінген, алайда, мәселе оң шешімін таппаған.

Мәртөк ауданы проркуратурасымен алынған ұйымдастыру  шараларымен Мартук Сут» ЖШС тізілімнен шығарылды, кәсіпкерлікпен айналысуды жүзеге асыру жолындағы кедергілер жойылды.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу