Көші-қон саласында анықталған заңсыздықтар туралы

27 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысы прокуратурасымен 2013 жылдың 8 айында көші-қон саласында заңдылықтың сақталуына жүргізген тексеру жұмыстары нәтижесінде шет ел азаматтарына қатысты 156 әкімшілік іс қозғалып, жауапкершілікке тартылса, оның ішінде  113 Қытай Халық Республикасының азаматарының үлесінде.
Прокурорлық актілер негізінде шет ел жұмысшы күшін пайдалануға берілген 50 рұқсат қағазы кері қайтарып алынды («Сан Дриллинг» ЖШС-42, «АТК»-8 ).
Мысалға, прокурорлық тексеру жұмысы барысында Мұғалжар ауданы, Жанажол вахталық ауылында орналасқан «Сроительная компания Алтын Серуен» ЖШС-де көші-қон заңнамаларының және шетел азаматтарының жұмыс күшін пайдалану заңдылығының өрескел бұзылғаны анықталды.
Аталған кәсіпорында Қытай Халық Республикасының 57 азаматының келу мақсатының визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сай болмай және олардың нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмейтіні белгілі болды.
Атап айтқанда, 17.03.2013 жылы ҚХР-ның азаматы, 22.06.1975 ж.т. Чжоу Цзинюнь (ZHOU JINGYUN) іскерлік (ICB) визасы негізінде «Строительная Компания Алтын Серуен» ЖШС-нің шақыруымен келіп, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласына көші-қон колициясына тіркеліп, көші-қон карточкасына келу мақсаты «қонаққа» деп көрсетілген.
Алайда, ҚХР-ның азаматы ZHOU Чжоу Цзинюнь (ZHOU JINGYUN) 12.03.2013 жылдан бастап 04.09.2013 жылға дейін Мұғалжар ауданы, Жаңажол кенорнындағы «ВСП Интернациональ» ЖШС-де тұрып, осы мекемеде бақылаушы инженер болып жұмыс жасап, оның Қазақстан Республикасына жұмыс жасап, табыс табу мақсатында келгендігі анықталды.
Чжоу Цзинюнь (ZHOU JINGYUN) өз түсініктемесінде, оның Қазақстан Республикасына жұмыс жасап, табыс табу мақсатында келгендігін көрсетті.
Яғни, «Строительная Компания Алтын Серуен» ЖШС-нің шақыруы-мен келген ҚХР-ның азаматы Чжоу Цзинюнь (ZHOU JINGYUN) келу мақсатының визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсатына сәйкес емес және нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмейді.
Осылайша, ҚХР азаматы Чжоу Цзинюнь (ZHOU JINGYUN) келу мақсатының визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сай болмай, аталған ережелердің талаптарын бұзып және нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмей, ҚР ӘҚБК-нің 394-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Дәл осындай құқық бұзушылықтарды жасаған 56 Қытай Халық Республикасы азаматқа қатысты 06.09.2013 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 394 бабының 3 бөлімімен әкімшілік іс қозғалып, 09.09.2013 жылы №2 Мұғалжар аудандық сотымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Шет ел жұмысшы күшін заңсыз пайдаланып отырған «Сроительная компания Алтын Серуен» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Мұғалжар аудандық Ішкі істер бөліміне аудан прокурорымен ұсыныс енгізілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу