Конкурс нәтижесінің күші жойылды

12 шілде 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе қаласының прокуратурасымен goszakup.kz сайтын мониторинг жүргізу барысында №6 Қалалық емханасы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу үшін жүргізілген конкурс бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің әрекетінде әлеуеттік өнім берушінің өтінімін негізсіз қабылдамау түріндегі заңбұзушылықтары анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесінде сомасы 33 558 675 теңгені құрайтын электрондық конкурс нәтижесі бұзылып, конкурстық комиссия мүшелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы 13-бөлігімен жалпы сомасы 63 630 тенге айыппұл салынды.

 

 

 

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

                 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу