Қобда ауданының прокуратурасымен білім беру мекемелерінде жазғы каникул кезеңінде балалардың демалысының ұйымдастырылуына қадағалау жұмысының нәтижесі туралы

27 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Қобда ауданының прокуратурасымен «Бала құқығының теңдігі» бағдарламасын орындау мақсатында аудан көлеміндегі білім беру мекемелерінде жазғы каникул кезеңінде балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыруына қатысты тексеру жүргізіліп, нәтижесінде өрескел заңбұзушылықтарға жол беру фактілері анықталды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында бала мемлекет қорғауында болатындығы көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 7-бабының 3-тармағында жергілікті атқарушы органдардың бала құқықтары кепілдіктерін жүзеге асырудағы өкілеттіктеріне баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, балаларды қолдауға арналған мемлекеттiк, жергiлiктi бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету,  тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау саласында орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жатқызылған.
Заңның және «2011-2015 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 86-ө өкімін орындау мақсатында Қобда ауданы әкімдігінің 20 мамыр 2013 жылғы №84 қаулысы қабылданып, онда үстіміздегі жылы жазғы кезеңде жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру көзделген.
Осы қаулыларды орындау мақсатында білім саласындағы жергілікті уәкілетті орган басшысымен жоғарыда көрсетілгендей іс-шараларды ұйымдастыру үшйн 27 мамыр 2013 жылы №281 бұйрығын қабылданып, онда жазғы кезеңде жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру үшін ыстық тамақпен қамтылатын мектеп жанындағы жазғы лагерьлердің қызметін 1 маусымнан бастап жүргізуді көрсетілген.
Қобда ауданының прокуратурасымен жүргізілген тексеру барысында мектеп жанындағы жазғы лагерьлердің 1 кезеңінде, яғни 1-14 маусым аралығында әлеуметтік аз қамтылған топқа жатқызылған отбасылардың 312 балалары  ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеуін және оның себебі «Қобда аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің жауапты қызметкерлері мемлекеттік сатып алу уақытылы ұйымдастырылмағандығын анықтады.
    Осы заңбұзушылықтарды жою мақсатында Қобда ауданының прокуратурасымен Қобда ауданының әкімінің атына ұсыныс жолданып, қарау нәтижесінде әлеуметтік аз қамтылған топқа жатқызылған отбасылардың               312 балалары  жазғы лагерьлерде қайта демалысқа шақыртылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, заңбұзушылықтарға жол берген 7 мектеп директоры және білім бөлімінің 1 жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  
 
Ақтөбе облысы
Қобда ауданының прокуратурасы
 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу