«Кедергісіз кәсіпкерлік» Форумын өткізу туралы

15 шілде 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

15 шілде 2016 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасының ғимаратында Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының, Ақтөбе облысы Әкімінің, барлық мемлекеттік  бақылау-қадағалау және өзге де уәкілетті органдардың, өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасы мен  облыстық бизнес-ассоциациялары өкілдерінің қатысуымен   «Кедергісіз  кәсіпкерлік»  форумы  болып өтті.

Форум шегінде кәсіпкерліктің, оның ішінде ауылшаруашылығы, құрылыс, мемлекеттік-жеке серіктестік, мемлекеттік  бақылау және қадағалау, салық әкімшілігі  саласындағы күрделі мәселелер қаралды.

Форумда қолайлы инвестициялық климат құруға, кәсіпкерлердің құқықтық  сауаттылығын арттыру мен әкімшілік  кедергілерді жоюға бағытталған   кәсіпкерлерді қорғау Өңірлік жол картасының тұсаукесері өткізілді. 

Кәсіпкерлер Форумы қорытындысында Жол картасын іске асыруға жауапты органдар тарапынан өзара ынтымақтастық пен келісім туралы меморандумға қол қойылды.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу