Хромтау ауданының прокуратурасына алғыс хат келіп түсті

31 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Хромтау ауданының прокуратурасына Хромтау ауданының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің ассоциациясының төрағасы Ш.Ж.Измуратовадан алғыс хат келіп түсіп, онда 2013 жылғы 29 сәуірдегі аудан кәсіпкерлерімен айтылған кәсіпкерлердің жер және мемлекеттік бақылау мен қадағалау заңнамалары саласындағы проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған аудан прокуратурасы қызметкерлерінің жедел жұмысы үшін аудан кәсіпкерлерінің атынан алғыс білдірілген.
    Сонымен қатар, Хромтау қаласындағы сауда үйінің өртінен кейін зардап шеккен кәсіпкерлерге заңдық және моральдық қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірілген.
            Өз кезегінде, аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын шектеу бөлігінде жер заңнамасын бұзғаны үшін Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтеміз.

Хромтау аудандық
прокуратурасы