Хромтау ауданының прокуратурасы есепке алудан жасырылған қылмыстарды анықтады

24 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Хромтау ауданы прокуратурасының Хромтау аудандық ҚСжАЕК құрылымдық бөлімшелерімен бірлескен бақылау-қадағалау қызметінің барысында, тексеру материалдарын түгендеу есебінен номенклатуралық істерге негізсіз шығару деректері анықталды. 

Мәселен, Хромтау АІІБ ҚҚК УПИ Е.Елеусізовпен аз.Б.Шляшевтың ОАА–ның (ЦРБ) атына жазылған өтінішіне қатысты материалдар номенклатуралық іске негізсіз шығарылған. 

Прокуратурамен жүргізілген қарсы тексеру барысында, 01.01.2013 жылы белгісіз тұлғалардың аз.Б.Е.Шляшевты себепсіз соққыға жыққаны және дене жарақатын салғаны анықталды.    

Аз.Б.Шляшев дене жарақатын алу дерегі бойынша Хромтау аудандық ОАА(ЦРБ) атына дәрігерлік  көмек көрсету туралы өтініш жасаған.

Бұған қоса, Хромтау аудандық прокуратурасы қызметкерлерінің жауап алуы кезінде, аз.Б.Е.Шляшев, шындығында да 01.01.2013 жылы белгісіз тұлғалармен соққыға жығылғаны және Хромтау аудандық ОАА-на (ЦРБ) өтініш жасағаны, сондай-ақ сол кезде оған тиісті медициналық жәрдем көрсетілгені туралы көрсетті.

Сөйтіп, қылмыстың анық жасалуын және осы дерек бойынша қылмыстық құрамның бар болуын көрсететін жағдайларға қарамастан,   Хромтау АІІБ ҚҚК УПИ Е.Елеусізовпен қылмыстық іс қозғалмаған және тергеу алды тексеру жүргізілмеген, мұның орнына іс материалдары номенклатуралық іске шығарылып тасталған, ал осының салдарынан аталған қылмыс есепке алудан жасырылған.

Осыған ұқсас қылмысты есепке алудан жасыру аз.Ж.К.Шахмараловтың дене жарақатын алу дерегі бойынша да анықталды.

Аудан прокуратурасымен анықталған есепке алудан жасырылған қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 257 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды және одан әрі тергеу жүргізу үшін Хромтау АІІБ жолданды.

 Қылмысты жасыру деректері бойынша Хромтау АІІБ ҚҚК УПИ Е.Елеусізовке және А.Қаржыбаевқа қатысты жинақталған материалдар Хромтау аумақтық жергілікті қаржы полициясы Басқармасына іс жүргізу шешімін қабылдау үшін жолданды.

 

 

Ақтөбе облысының

Хромтау ауданының прокуратурасы    

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу