Е.Жоламановқа қатысты іс бойынша

27 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдары жасалған және дайындалып жатқан қылмыстар туралы әрбір деректі жан-жақты толық  тіркеуге бағытталған.  
Осыған қарамастан, құқық қорғау органдарының кейбір жекелеген қызметкерлерімен бұл аталған талаптарды  жоққа шығару жалғасып келеді. Қылмыстар туралы хабарламаларды жасырғаны үшін жауаптылықты  қатайтып күшейту мақсатында, 9 қараша 2011 жылы  Қылмыстық Кодекске 363-1 бабы енгізілді.
Прокуратура органдарымен есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына тексеру жүргізу тұрақты негізде жүзеге асырылады.  Ырғыз ауданы прокуратурасымен жүргізілген осындай бір тексеру барысында, Ырғыз аудандық ІІБ бастығының орынбасары Жоламановтың жасалған ауыр қылмыс туралы хабарламаны жасыру дерегі анықталды.
Мәселен, 22 қараша 2012 жылы аз. Нұрмахановтан, оның үйіне заңсыз кіру арқылы, ақша қаражатын бопсалау қылмысы жасалған, оның барысында қабырғасын сындыру арқылы соңғыға дене жарақаты келтірілген.
Сол күні жәбірленушінің  көршісі Арықбаева телефон байланысы арқылы аталған дерек бойынша Ырғыз АІІБ бірнеше рет  хабарласқан. Алайда, телефон тұтқасын көтерген Жоламанов аталған хабарламаны тіркемеген, оқиға орнына шығу жүзеге асырылмаған. Нұрмаханов медициналық мекемеге өтініш білдіргеннен кейін, одан аталған дене жарақаты  өз үйінде құлап қалу себебінен болғаны туралы жалған түсініктеме алып, атап көрсетілген қылмысты жасырған.  
Осы дерек бойынша аудан прокуратурасымен  ҚР ҚК 363-1-б, 2-б.«а»   тармағы бойынша сотқа берілген Жоламановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.    
Ырғыз аудандық сотының 24.07.2013жылғы үкімімен Жоламанов жасалған ауыр қылмысты қасақана жасырғаны үшін 3 жыл сынақ  мерзімімен шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен сотталды.
Сотталушы мен оның қорғаушылары сот үкіміне шағымдарын білдірді.
Облыстық соттың апелляциялық сатысының 24.09.2013жылғы қаулысымен Ырғыз аудандық сотының Жоламановқа қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді, қорғаушы тараптардың шағымдары  қанағаттандырусыз қалдырылды.   

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу