Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату

15 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату  - 139507414

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс прокуратурасы дәрі-дәрмектердің алыпсатарлық, оларды қасақана жасыру және бағалық сөз байласу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тексеру іс-шараларын жүргізуде.

Облыс прокуратурасы құқық қорғау және мемлекеттік уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру арқылы неғұрлым сұранысқа ие және өмірлік маңызды дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің қызметінде бақылау тексерулерін жүзеге асырды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектерді белгіленген шекті бағадан жоғары сатудың 10-нан астам фактісі анықталды.

Аталған фактілер «Актюбфармцентр» ЖШС («Айболит» аптекалары), «Витафарм» ЖШС, «Хасан Ойл» ЖШС және т.б. дәріханалардың қызметінде анықталды.

Мысалы, дәріханалардың бірінде «Кленокс 400 анти-Ха ХБ/04» бір ампуласын белгіленген шекті бағамен 1 862 теңгеден 4 250 теңгеден сатқан.

Сол сияқты, "Гепарин" препаратының бір қорапқа шекті баға 3 479 теңге белгіленгенімен, бір ампуласы 3 мың теңгеден сатылған және "Линекс" препараты бір қорапқа белгіленген баға 3 479 теңге болғанымен  бір ампуласы 2 300 теңгеден сатылған.

Барлық анықталған 10 факті бойынша материалдар жиналып, кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары қабылданды.

Облыс прокуратурасында азаматтар осындай фактілер туралы хабарлай алатын Сенім телефондары жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

 

 

                                                    Ақтөбе облысының прокуратурасы

Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату  - 621916140