Дайындалып жатқан террористік акт жөнінде көрінеу жалған хабарлама (Р.Бодровқа қатысты ҚР ҚК 242-б. Бойынша қылмыстық іске қатысты)

12 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

07.06.2013ж. Ақтөбе қ. №2 сотымен Р.И.Бодровқа қатысты ҚР ҚК 242-б. бойынша үкім жарияланды.

            Қылмыстық істің қысқаша мән-жайы: іс әрекеттерінен қылмыстың ерекше  қауіпті қайталануы байқалатын бұрын сотталған Р.Бодров, түзелу жолына түспей, келесідей жағдайларда  қайтадан қасақана қылмыс жасаған.   

         Мәселен, 01.02.2013жылы сағ.16.05.минутта ол, ішімдік ішкен мас күйінде өзінің  бірге тұратын көңілдесі Бондаревадан оның ұялы телефонын сұрап алып,   Ақтөбе облысының ІІД ОЖБ (ЦОУ) қоңырау шалған және «Мега-Ақтөбе» сауда- ойын-сауық кешенінің адам көп жиналатын  қоғамдық орын болып табылатынын  сезіне отырып, қоғамдық қауіпсіздікке, билік және басқару  органдарының  қалыпты қызметіне  және азаматтардың мүдделеріне  зиян келтіріп, дауысын егде тартқан әйел дауысына ұқсастырып өзгертіп, адам өлімі қауіпін тудыратын, айтарлықтай мүліктік шығын келтіретін немесе өзге де  қоғамдық қауіпті салдарлардың басталуына әкеліп соқтыратын дайындалып жатқан террористік акт, яғни «Мега-Ақтөбе»  сауда-ойын-сауық кешені ғимаратының ішіне белгісіз тұлғалармен бомба қойылғаны жөнінде  көрінеу жалған хабарлама  жасаған.

            «Mega Center Aktobe» ЖШС-ндегі  террористік акт туралы көрінеу жалған хабарлама жасаудың нәтижесінде, жалпы сомасы 1 614 841 теңге   материалдық шығын, бұған қоса, осы қылмыстық әрекет арқылы Ақтөбе облыстық ІІД  36 419 теңге, Ақтөбе облыстық ТЖД 16 543 теңге, Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД  28 293 теңге, сондай-ақ «Қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» МКҚК-на 7125,02 теңге, нәтижесінде Р.Бодровтың қылмыстық әрекеттерімен келтірілген жалпы шығын  көлемі 1 703 221, 02 теңгені құрайды. 

            Р.Бодров ҚР ҚК 242-б. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды және оған жазасын ерекше режимдегі  түзеу колониясында өткізу жазасы қолданылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза (200-ден 500 дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салумен немесе 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен  немесе 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен  жазаланады)тағайындалды (мемлекеттік айыптаушының ұстанымы сәйкес келді).

ҚР ҚК 13-б. , 3-б.     «б» тармағына сәйкес, оның әрекеттерінде қылмыстың ерекше қауіпті қайталануы танылған.

 Жәбірленуші  Ақтөбе облыстық ІІД өкілдерінің сомасы 36 419 теңгеге, Ақтөбе облыстық ТЖД 16 543 теңгеге, Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД  28 293 теңгеге  және «Қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» МКҚК-на 7125,02 теңгеге  азаматтық талап арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

 Жәбірленуші «Mega Center Aktobe» ЖШС-гі өкілдерінің азаматтық талап арызы, оны кері қайтарып алуына байланысты,  қараусыз қалдырылды, жәбірленушінің өкіліне арызымен азаматтық сот ісін жүргізуге шағымдану құқығы қалдырылды. Қамауға алу түріндегі  бұлтартпау шарасы бұрынғысынша қалдырылды.  

Ақтөбе облысы прокуратурасының

 5-Басқармасың бастығы

Утарбаева Ж.З.   

(Ақтөбе, 12 маусым 2013жыл )

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу