Бюджет қаржысының заңсыз шығындалуына жол берген тұлғаға байланысты сот үкімі шықты

27 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Темір аудандық прокуратурасымен Шұбарқұдық кәсіпшілігінде 320 орындық орта мектеп салу барысында объектіге бөлінген мемлекет қаражысының заңды жұмсалуына тексеру жүргізілген болатын.

Тексеру барысында, келісім шарт негізінде барлық жұмыс шаруашылық субъектісі тарапынан 2012 жылдың  тамыз айының 1 –шы жұлдызында аяқталуы тиіс болса да, жүргізілген тексеру көрсеткендей, осы күнге дейін аяқталмағаны анықталды.

Тексеру барысында атқарылған жұмыстар бойынша қаражаттар аудару барысында елеулі заң бұзушылықтарға жол берілген.

Атап айтқанда, ұсынылған құжаттар бойынша әр ай сайын атқарылған жұмыстар жөнінде толтырылған актілерді, нақты атқарылған жұмыстармен салыстыру барысында атқарылған жұмыстар бойынша алшақтықтар орын алып, тапсырыс берушімен нақты атқарылмаған жұмыстарға бюджет қаражатынан мердігер «Интер Олжа» ЖШС-не 34 682 300 теңге заңсыз аудырылғаны анықталып, осы факті бойынша аудан прокуратурасымен 30.01.2013ж. Темір аудандық архитектура және қала құрылысы бөлімінің бастығы Ж.С. Сакишеваға қатысты ҚР ҚК 307 бабының 2 бөлігімен №13155601100004 санды қылмыстық іс қозғалды.

Темір аудандық сотының 18.06.2013ж. үкімімен кінәлі тұлға мемлекеттік қызметте басшы және бөлім басшысы лауазымдарын атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыру түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Тексеру қорытындысы бойынша мердігер «Интер Олжа» ЖШС-і басшысына байланысты қозғалған қылмыстық іс те қазіргі уақытта сотта қаралуда.

 

Ақтөбе облысы

Темір ауданының прокуроры                                                 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу