Бүгін Ақтөбе облысы прокуратурасының жанындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша Сараптама Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті

28 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Ақтөбе облысы прокуратурасының жанындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері  бойынша  Сараптама Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Отырысқа мүдделі меморгандар мен ұйымдардың, оның ішінде «Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау Департаменті» ММ, «ҚР ИҒТМ  теникалық реттеу және метрология Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің» басшылары, «НАЦЭКС», «Сертис – М» ОПС ПК АҚ, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес- құрылымдардың өкілдері  қатысты.

Жұмыстың нәтижелі болуы үшін отырыс қызу пікірталас және  ашық әңгіме түрінде өткізілді.

Кезекті отырыста Кедендік одақтағы техникалық реттеу және  өнімдердің Кедендік одақтағы (КО ТР)  техникалық реттеу талаптарына сәйкестігін бағалау мәселелері қаралды.

Мәселен, техникалық реттеудің бірыңғай жүйесін құру кезінде үш елдің үкіметтік сатылары (Қазақстан, Ресей, Беларусь)  теникалық регламенттер қабылдау бойынша өз өкілеттіктерін Кедендік одақ Комиссиясына тапсырды  ( берді).

           КО ТР өз күшіне енген сәттен бастап, ұлттық нормалар өз әрекеттерін тоқтатады және барлық үш ел аймағына тікелей әсер етеді.   Кедендік одаққа қатысушы елдердің  ұлттық сәйкестік сертификаты келесідей өнімдерге: машиналар мен  қондырғылар, лифттер,  газ отынымен  жұмыс жасайтын аппараттар,  электр қондырғылар мен электронды техникаларға  талап етілмейді. Өтініш білдірушілерге қойылатын талаптар күшейтіледі, күшіне енген Техникалық регламенттерге тіркелген   сертификаттар беруші органдар мен зерттеу – сынау зерханаларының саны  қысқартылады. Өнімдердің басым бөлігі міндетті сертификаттаудан декларацияланған сәйкестікке өтеді.   

        Шақырылған кәсіпкерлермен  тауарларды енгізудің негізгі сәттері, олардың айналымы және   КО ТР  әсеріне  қатысты өнімдердің сәйкестік бағасы туралы мәселе  талқыланды.

КО  ТР   бойынша жұмыс жасау үшін, сәйкестікті және зерттеу –сынау зерханаларын растау  бойынша жергілікті органдармен  тіркеу материалдарын актуальдандыру, сондай-ақ 01.07.2013ж.  ЕВРО-4 кезеңнің күшіне енуіне  және де қабылданатын бірқатар экологиялық  КО ТР    байланысты автокөліктердің сәйкестік бағасы туралы мәселе көтерілді.  

Айта кету керек,  отырысқа қатысушылардың  белсенді түсіндірме  және ақпараттық жұмыстарының нәтижесінде, жоғарыда атап көрсетілген КО ТР  нормаларын дұрыс және уақытылы  іске асыру үшін аумақ  кәсіпкерлерінің қызметіндегі басымдық бағыттарды айқындауға қол жетті, ал бұл өз кезегінде Кедендік одақ шегінде заң бұзушылықтардың алдын алуға  мүмкіндік береді.  

Отырыс қорытындысында хаттамалық шешімдер мен тиісті мемлекеттік  органдарға ұсыныстар қабылданды.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы                      

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу