Бизнес-омбудсменмен кездесу туралы

18 сәуiр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылдың 15 сәуірінде Ақтөбе облысының прокуроры Н.М. Әбдіровтің Қазақстанның кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілі Б.А.Палымбетовпен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің жүйелі проблемалары мен оларды шешу жолдары, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және басқа да мәселелер талқыланды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкілдің мәліметтері бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеулер Ақтөбе облысында бизнес климаттың жақсарғаның көрсетті, оған дәлел аймақтар арасындағы көрсеткіште облыс екінші орында, бұл облыс прокуратурасы мен кәсіпкерлер Палатасының бірлескен жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Бизнес-омбудсменмен кездесу аясында Ақтөбе облысының прокуратурасы жанынан 2015 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Штабының мүмкіндіктері көрсетілді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында прокуратура органдары мен бизнес қауымдастықтар арасындағы бірлескен шаралар кәсіпкерлікті қорғауда жүйелі шараларды қабылдауға мүмкіндік берді.

Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе отырып, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында, сондай-ақ монополистер қызметінде әкімшілік кедергілер анықталып, жойылды.

Тұтастай алғанда, Штаб жұмысының нәтижесі бойынша 450 кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, 150 заңсыз актілердің күші жойылды, 70-тен астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлердің жүйелі проблемеларын шешу мақсатында Штабта Сараптамалық кеңес, ал кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуын жедел анықтау үшін мобилдік топ жұмыс жасайды.

Кездесу қорытындысы бойынша бизнес климаттың сәтті дамуына және кәсіпкерлік субъектілері құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар бірлескен шаралар айқындалды.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу