БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ «Шаңырақ» жеке меншік құқығындағы мектеп бойынша

03 қазан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

          Ақтөбе қаласының прокуратурасымен  «Мемлекеттік емес білім мекемесі «Шаңырақ» оқу кешені   жеке меншік  құқығындағы мекемесінің қызметіне  білім, сондай-ақ  кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғауға бағытталған заңнама талаптарының  сақталуына тексеру жүргізу тағайындалды.
      Тексеру тағайындауға негіз болған – Ресей телеарналарының біріндегі эфирге орналастырылған: Ресей Федерациясының азаматтары сабақтарға қатыспай-ақ, белгілі бір көлемдегі төлем ақы төлеуді жүзеге асыру арқылы аталған оқу орнында орта білім туралы аттестат алу мүмкіндігі бар екені туралы репортаж болып табылады.  
Қазіргі уақытта біздер тексеру нәтижелері туралы алдын ала ақпарат беруге әзірміз.
ЖМ «Мемлекеттік емес білім мекемесі «Шаңырақ» оқу кешені: Ақтөбе қ. Тургенев көшесі, 104/а мекен-жайында орналасқан  және қызметін жүзеге асыруда.      
АА № 0009444 мемлекеттік лицензиясы облыстық білім беру Басқармасымен  29 шілде 2004 жылы жалпы орта білім, мектепке дейінгі білім беруді жүзеге асыру үшін, әрекет ету мерзімі шектеусіз уақытқа берілген.
Мектепте оқу ақылы, 1 айлық оқу ақысы 1- 4- сыныптарда – 57 мың теңге, 5- 9- сыныптарда – 62 мың теңге, 10- 11 сыныптарда – 67 мың теңгені құрайды.
Соңғы 3 жылда аталған мектептің 10-11 сыныптарына  11 оқушы келген (оның ішінде Ақтөбе облысының басқа мектептерінен -7, БАЭ-1, Астана қ. -1, Атырау қ.-1, РФ -1(Молостов Илья ).
Жаңадан келген оқушыларға бұйрықтар шығарылған, оқушылардың келгені туралы растайтын түбіртектер оқушылардың келуін есепке алу Кітабында тігілген.
26.05.2011жылғы №14 бұйрықпен Орынбор облысының Новотроицк қаласындағы «№1 Гимназия» МОГ  келген Молостов Илья 11- сыныпқа қабылданған.
Бланкілерді есепке алу және орта білім туралы аттестаттарды беру Кітабы 2006 жылы басталған. Кітап  түптеліп тігілген, 73 бет номерленген, мектеп директорының қолымен және мөрімен бекітілген.
Кірістелгені туралы деректерге сәйкес, 2010- 2013 жыл бойынша 66 аттестат алынған .
2010-2011 оқу жылдары – 24 аттестат, 2011-2012 оқу жылдары – 20 аттестат, 2012-2013 оқу жылдары – 22 аттестат.  
2013 жылы алынған аттестаттардың қалдығы және куәліктердің көшірмелері  мектеп директорының сақтауында.  
Бланкілерді есепке алу және орта білім туралы аттестаттарды беру Кітабындағы жазбаға сәйкес, 2011ж-24 аттестат, 2012ж-20 аттестат және 1аттестаттың  көшірме нұсқасы (дубликаты) Б.Н.Елатомцевқа (ҚР азаматы) берілген.
           «Мемлекеттік емес білім мекемесі «Шаңырақ» оқу кешенінде аттестат алу мүмкіндігі бар екені туралы  жариялаған аз. Г.Н.Думанскаямен (ортақ құрылтайшылардың бірі), қазіргі сәтте оның   Мәскеу қаласында іс –сапарда болуына байланысты, тілдесу мүмкіндігі болмады.
           Прокурорлық тексеру жалғасуда, түпкілікті ақпарат қосымша хабарланатын болады.   
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының
баспасөз қызметі  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу