БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы іс –әрекет бойынша атқарылған жұмыстар туралы

03 қазан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Облыс прокуратурасының әлеуметтік –экономикалық сала заңдылығын қадағалау Басқармасы мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы  тұрақты негізде  жұмыс жүргізеді.
       Мұнай және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымы криминалдық құрылымдардың негізгі табыс көзінің бірі болып табылады.
        Мәселен, тек  бір ғана Байғанин ауданының  мұнай құюшы терминалы арқылы  жалпы сомасы 1,5 млрд. артық теңгені құрайтын 15 тоннадан астам мұнай заңсыз жолмен  алынып,  елімізден сырт аймақтарға шығарылған.
       Тексеру жүргізу кезінде, біздің есептеуімізше, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы облыс бойынша  1 жылда 100 мың тоннадан кем емес, ал оның құны 10 млрд. жуық теңгені құрайды.
       Облыс прокуратурасының  қылмыстық қудалау органдарымен бірлескен жүйелі шараларының   нәтижесі мұнай ұрлау жағдайына айтарлықтай ықпал етуге  мүмкіндік берді.   
       Облыс прокуратурасымен  талданып отырған салада тексерулер жүргізу басталған уақыттан бері қылмыстық қудалау органдарымен 54 қылмыстық іс қозғалды (оның 9-ы  прокуратурамен ), ал 2011 жылы  барлық органдармен 1 жыл ішінде небары   13 қылмыстық іс, онда да  маңызы   онша  үлкен емес деректер бойынша, қозғалған.  Осы қазіргі сәтте, облыс соттарымен 15 қылмыстық іс қаралып, олар бойынша 37 тұлға сотталды.   
          Облыс прокуратурасының қызметкерлерімен  иесіз, қараусыз қалған кен орындарынан мұнай ұрлау дерегіне тосқауыл қойылды. Қараусыз қалған кен орындарынан мұнай ұрлаумен тұрақты негізде айналысып жүрген  қылмыстық топтар анықталып, залалсыздандырылды.
              Мәселен, біздермен ҰҚКД бірлескен іс –қимыл арқылы құрамында 5 адамы (Н.Дюсенов және т.б.) бар , «Қара Төбе» қараусыз қалған кен орындарын күзетуге  рұқсат беретін жалған құжаттар ресімдеу арқылы, іс жүзінде мұнай ұрлаумен (51,3 тонна-жалпы сомасы 3 749 058 теңгені құрайды) айналысқан   қылмыстық топ оқиға орнында қолға түсті.
         28.03.2013ж. сот үкімімен  аталған қылмысқа қатысты  барлық тұлғалар  ҚР ҚК 175-б. 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әртүрлі жазалау  мерзімдеріне  сотталды.  
          2013 жылдың маусым айында біздермен тағайындалған жедел іздестіру шараларының  нәтижесінде, Ақтөбе облысы бойынша ЭжСЖКД–мен құрамындағы тұлғалар «Алем Мұнай ЛТД» ЖШС және «Stopard» ЖШС арқылы көрінеу жалған  құжаттар бойынша мұнай және мұнай өнімдерін қабылдау, өңдеу және тиеп- тасымалдау әрекеттерімен айналысқан  ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.
       Бұл ретте, аталған қылмыстық топтың  құрамында қылмысты ұйымдастырушылармен қатар  ұрланған мұнайды заңдастыруды жүзеге асырушы Ақтөбе облысы бойынша  «Энергетический»  КБД кедендік күзетінің қызметкерлері   де болған.
          Сондай-ақ   18.02.2013жылы біздермен жолданған материалдар   бойынша  Ақтөбе облысы бойынша ЭжСЖКД–мен аса ірі көлемдегі  мұнайды, олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз алуды және сатуды жүзеге асыру дерегі бойынша «Алтын Коз Мунай» және « НГП-Мунай Продукт» ЖШС-нің қаржылық директоры Ли-Ко –Шин- Липириди Ю.В және т.б. қатысты  қылмыстық іс қозғалды.
        «НГП-Мунай Продукт», «Алтын Коз Мунай»  ЖШС-нің басшылары Ли-Ко –Шин- Липириди Ю.В, Липириди Н және А.Молбағаровтың және өзге де анықталмаған тұлғалардың   қылмыстық әрекеттерінің салдарынан, жалпы сомасы 1 млрд. жуық теңгені құрайтын 18 мың тоннадан астам шикі мұнай   заңсыз  сатылған.    
       Қазіргі уақытта,  Ли-Ко –Шин- Липириди Ю.В  жалпы сомасы 70 млн. теңгені құрайтын   дүние-мүлкін(үйлері, автокөліктері, ақша, құндылықтары)  тәркілеу арқылы  6 жылға сотталды.  
       А.Молбағаровқа және Липириди Н. қатысты бұлтартпау шарасы арқылы іздестіру жарияланды.  
      Біздің бастамамызбен, мұнай және мұнай өнімдері жүйелі ұрланатын  «Қара Төбе» мұнай және газ  кен орындары «Казмунайгаз» АҚ басқаруына берілді.
        Бұған қоса,  соңғы кездері мұнай ұрлау деректері жиілеп  бара жатқан  «Синельниковское» қараусыз қалған кен орындарына қатысты осыған ұқсас шаралар алу туралы ұсыныстар енгізілді.
        22 қаңтар 2012 жылы  мұнай және мұнай өнімдерін ұрлауға қарсы  әрекеттер мәселелері бойынша Үйлестіру Кеңесінің отырысы өткізіліп, онда қылмыстық  қудалау және  уәкілетті мемлекеттік органдардың алдына  мұнай және мұнай өнімдерін ұрлау және заңдастыру бойынша кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген немесе өзге де қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша пәрменді шаралар алу міндеттері қойылды.
      Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша Өңірлік Бағдарламаларға,  мұнай және мұнай өнімдерін ұрлау және заңдастыру, қылмыстық  қудалау  органдарының  материалдық- техникалық базасын нығайту, мұнай өндіретін аудандарда тұратын тұрғындардың өмір сүру сапасы мен жағдайларын жақсарту, әлеуметтік жәрдем көрсетуді арттыру, жергілікті тұрғындар аарсында түсіндірме жұмиыстарын жүргізу, т.с.с. мәселелерді енгізе отырып, толықтыру бойынша ұйымдық- өкімдік  шаралар кешені алынды.
     Сондай-ақ, біздермен алынған шаралар арқылы кен өндірушілермен өндірілетін мұнайды бақылау күшейтілді.
     Бүгінгі күні, біздермен енгізілген қадағалау актілері бойынша көмірсутегі шикізатын өндіретін ірі кен орындарын пайдаланушылармен («СНПС-Актобемунайгаз» АҚ және «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС) мұнай ұрлаудың бірнеше деректері байқалған кен орындарында мұнай өндірудің барлық кезеңінде алынған мұнайды есепке алуға мүмкіндік беретін есептеу құралдары орнатылды.
    Сонымен қатар, біздермен  мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша, Бас прокуратурамен қолдау тапқан, ұсыныстар енгізілді.    

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу