БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ

04 қазан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

4 қазан 2013 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасында мемлекеттік органдардың атмосфералық ауаны қорғау саласындағы қызметін бағалау мәселелері бойынша  алқа  мәжілісінің  отырысы болып өтті.
Өкінішке орай, облыста  ластағыш заттардың (күкіртті сутегі, азот диоксиді, күкірт диоксиді, ыс-күйе, ұшпа  заттар,  углерод қышқылы, көмірсутегі және т.с .с. ) ауаға лақтырып шығару үрдісінің өсуі байқалады. Мәселен, 2000 жылмен салыстырғанда ауаға шығарылатын ластағыш заттардың саны облыс бойынша орташа есеппен – 167,5 мың тоннаға, Ақтөбе қ. бойынша –152,1 мың тоннаға өскен. Эмиссия көлемінің өсуі өнәркәсіп өндірістерінің белсенді жұмыс жасауымен, атап айтқанда, жаңа өнеркәіп  нысандарын  пайдалануға енгізіп, іске қосумен тікелей байланысты болып отыр (тек 2012 жылдың ішінде ғана  31 нысан іске қосылған).
Бұрынғысынша облыстағы  ауа бассейнінің бұзылу деңгейі негізінен 6 ірі кәсіпорындар («СНПС-Актобемунайгаз» АҚ, «Казахойл-Актобе» ЖШС Ақтөбе ферроқоспаларын балқыту зауыты,  Дон тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Интергаз Центральная Азия» АҚ- Актобе - МГБ) бойынша,  осы 6 табиғат пайдаланушылардың атмосфераға шығарылатын жалпы  қалдықтардың  көлеміне қатысты үлесімен  анықталады.
Атмосфераға шығарылатын  қалдықтар мен ластағыш заттардың негізгі  көлемінің жылдан жылға  тазартусыз (2013 жылдың 1-жартыжылдығында  98,5 %) шығарылатыны қобалжу  туғызады.   
Атап көрсетілген салада факелдерде жағылатын ілеспе газ көлемін азайту – толғағы жеткен, кезек күттірмей шешуді қажет ететін мәселелердің бірі  болып табылады.
Стационарлық көздерден атмосфераға шығарылатын ластағыш заттардың жалпы көлемінен факелдерде  ілеспе газ жағу үлесі  18,3 мың тонна немесе 20% -ын құрайды.
Бұл ретте, барлық факел қондырғыларынан  шығарылатын  ластағыш заттардың  96,9%  3 мұнай өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардың («СНПС-Актобемунайгаз» АҚ, «Казахойл-Актобе»ЖШС, «Аман  Мунай» ЖШС үлесіне тиісті.   
Сондай-ақ компаниялармен газдардың рұқсат етілген көлемін жағудан басқа оны нормадан тыс жағу  бойынша  өрескел заңбұзушылық  деректері  орын алып отыр.
Мәселен, үстіміздегі жылы ЖШС қызметінде жүргізілген тексеру барысында  2012 жылы «Қожасай» кен орынында, газ жағу жүзеге асырылған   көлденең факел сызығына  жөндеу жұмыстары жүргізілгендігі анықталды.  Аталған факел қондырғысы жұмыс жобасымен және шектеулі- мүмкіндіктегі қалдықтар жобасымен қарастырылмаған, осыған байланысты компаниямен  эимиссияға рұқсат алу кезінде атап көрсетілген қалдықтар ескерілмеген. Күн сайын факелдерде 600 000-нан  1,2 млн. шаршы метрге дейін газ жағылады. 2012 жылдың  19 қараша-13 желтоқсан  аралығындағы кезеңде 10 млн. шаршы метрден астам газ жағылған.
Прокуратурамен  алынған  шарлара  нәтижесінде  Серіктестік  әкімшілік
жауаптылыққа тартылды, аталған кезеңде нормадан тыс газ жағу салдарынан  мемлекетке келтірілген шығын көлемі  9 млрд. астам  теңгені құрайды, оның 5 млрд. астам  теңгесін  бүгінгі таңда  мемлекет пайдасына кірістеу қамтамасыз етілді. Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының  ұсынысы негізінде сот шешімімен  заңсыз жұмыс жасаушы факел  бөлшектеп бұзылды.
Атмосфералық ауа құрамының жағдайын мониторингтеу  бойынша
Бізге белгілі, МҚК «Казгидромет»-пен атмосфералық ауа құрамының  жағдайы туралы ақпарт беріледі, онда атмосфералық ауаның ластану индексі туралы қорытынды жасай отырып,  Республика бойынша түгелдей дерлік барлық облыстардағы  ауа бассейнінің жағдайына баға беріледі.  Мәселен, 2009-2012 жылдардың қорытындысы бойынша  Ақтөбе қаласы (Алматы,Шымкент, Өскемен  қалаларынан кейін ) 4 орында болды.   Соңынан индекс жақсартылды: 2011 жылы -7, 2012 жылы - 6,69, 2013 жылы(сәуір айы) – 3,61 болып өзгерді.
Біздің өңірде атмосфералық ауаның сапалы және сенімді мониторингін жасау мүмкіндігі жоқтығы анықталды.
Ауа мониторингі бойынша Гидрометеорология қызметінің қолданысында  бар  3 стационарлық пост заң талаптарын бұзу арқылы желдетілетін орындарда орналастырылған. Бұған қоса, барлық  қызмет қондырғылары  облыс бойынша басымдылық бағыттағы 34 параметрдің  тек қана 8–і  бойынша ластанудың көріністік деңгейіне мониторинг жасауға мүмкіндік береді.   
Осыған байланысты, Казгидрометпен  анықталатын және белгіленетін Ақтөбенің  ластану индексі жеткілікті дәлдікпен сенімділік артуға болатын ақпарат болып табылмайды.
Прокуратурамен өз кезегінде атмосфералық ауа жағдайы туралы  іс жүзіндегі мәліметтер  негізінде, Ақтөбе қаласының аудандарын, олардағы ауаның ластану дәрежесін ескере отырып,   бірнеше аймақтарға , яғни ауа райы қолайсыз аумақтарға баса назар аудару мақсатында,  қаланы  шартты түрде : «қызыл, «сары»,«жасыл» аудандарға бөлу арқылы  Ақтөбе қаласының «экологиялық картасын» жасау туралы ұсыныс жасалды (мұндай аудандарға жасылдандыру, аймақтарды көріктендіру, коммуналдық жүйелерді қайта жаңғырту, т.с.с. кездерде басымдық берілетін болады).
Сондай –ақ облыс Әкімдігіне қаланың дендрологиялық жоспарын(қала және аудан аймақтарына қатысты алғанда, отырғызылған және жоспарланған ағаш- бұта типтес  жасыл желектердің саны мен түрлері бойынша құрамын атап көрсете отырып,  жасыл желектерді орналастыру жоспары) әзірлеу, сонымен қатар Ақтөбе қалдасында ішкі істер органдарымен бірлескен іс –қимыл арқылы Ақтөбе қаласында көлік ағынын басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу  мәселелерін  қарау ұсынылды(көлік құралдарының кептелістері мен кідірістерін қысқарту мақсатында, бағдаршамдар нысандарының келісілген жұмысын қамтамасыз ету).   

Ақтөбе облысының  прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу