БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ

03 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ырғыз аудандық прокуратурасы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аумақтық инспекциясы және Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімінде ҚР ӘҚБтК-нің заңдылығына қолданылуына тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтарға жол беру фактілерін анықтады.
Ырғыз аудандық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С.Е.Тұрабаевтың 22.04.2013 жылғы қаулысымен ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды өз уақытында немесе толық өткiзбеу түріндегі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке тұлға ретінде Қ.У.Нысанды ҚР ӘҚБтК-нің 310-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп, оған 4 АЕК көлемінде 6924 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.
Осы секілді, малды тасымалдау (айдап апару) кезiнде ветеринариялық-санитариялық ережелердi бұзу түріндегі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке тұлға ретінде Т.Қ.Нұрмахановты ҚР ӘҚБтК-нің 310-бабы 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 АЕК көлемінде 8655 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.
Алайда, айыппұл сомасы заң талаптарына қайшы артық салынғандықтан, мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспектор, яғни С.Тұрабаев заңмен белгіленген уәкілеттілігінен асып, жеке тұлға Қ.Нысанға 1 АЕК, Т.Қ.Нұрмахановқа 2 АЕК көлемінде айыппұлды артық салғаны анықталды.
Сондықтан, прокуратураның наразылығымен айыппұл артық салынуына байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С.Е.Тұрабаевтың қаулыларының күші жойылып, Қ.Нысанға 1 АЕК (1731 теңге) және Т.Қ.Нұрмахановқа 2 АЕК (3462 теңге) көлеміндегі ақшасы кері қайтарылды.

Сонымен қатар, Ырғыз аудандық ІІБ-нің учаскелік полиция инспекторы Н.Сарин 16.05.2013 жылы Жаманмұрынов көшесінде орналасқан «Жұмыспен қамту орталығы» ММ-нің ғимараты алдында (сыртқы жағында) М.А.Жарекин жекелеген қоғамдық орында темекі шекті деп 1 731 теңге  әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарған.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 159-бабы 5-тармағында темекі шегуге тыйым салынатын төмендегідей орындар көрсетілген:
1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда;
          2) денсаулық сақтау ұйымдарында;
          3) қоғамдық тамақтану орындарында;
          4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда,  дискотекаларда;
5) мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;
6) жергілікті және алысқа қатынайтын поездардағы, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі белгіленбеген орындарда, сондай-ақ қалалық,
қалааралық автобустардың, маршруттық таксилердің және қалалық
электр көлігінің салондарында;
          7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;
          8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;
          9) жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;
          10) үйлердің кіреберістерінде (подъезд).
Бұл бапқа сай, мемлекеттік орган немесе ұйымдардың сыртқы жағында темекі шегуге тыйым салынбаған (темекінің тұқылын тастаумен шатастырмау қажет).
Сондықтан айыппұл заңсыз салынуына байланысты М.А.Жарекинге 1 АЕК (1731 теңге) көлеміндегі ақшаның кері қайтарылатындығы ескертіліп, АІІБ-нің УПИ Н.Сариннің қаулысының күші аудандық прокуратураның наразылығымен жойылды.
Осы секілді, төменде көрсетілген азаматтарға «жекелеген қоғамдық орында темекі шекті»-деп, аудандық ІІБ-нің учаскелік полиция инспекторларымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 336-1 бабы 1 бөлігімен заңсыз қаулылар шығарылған:
Атап айтқанда, Ж.А.Ізмағанбетовке, Б.Ә.Тұяқбаевқа, Қ.Ж.Есқуатовқа, А.Аймаганбетовке, А.К.Нағашыбаевқа, Д.Қ.Сахиға, Н.Ш.Дүйжановқа, К.Б.Қаниевке, Ж.Б.Әбдірахманова, Р.Қ.Қобановқа, Е.Е.Тлеуғабыловқа, О.Д.Болатбаевқа, А.Т.Матеевке, Б.Саматұлына, А.Алжанға, А.А.Ыбыраевқа, Қ.Б.Абдуллинге, Т.Т.Әлжановқа, А.Ж.Шынтаевке, Н.Ж.Бекмурзинға, Е.О.Сақтағанға, Р.Бердалиевке, Ы.А.Әлиевке, Қ.О.Көнекбаевқа, А.Мағзомовке, Т.Б.Булебаевқа, А.С.Тайғаринге, С.С.Айтилесовқа, Ғ.А.Картановқа, Н.Қ.Аманжоловқа, М.Ғ.Зейнинге, А.О.Мырзағұловқа, Е.Ә.Әділбекке, А.С.Қартбаевқа, М.С.Әбдинге, А.Б.Ідірісовке, А.С.Мырзағалиевке, А.Т.Дүйсенбаевқа, Ә.Әкімжанға, А.Д.Дүйсенбайға, Қ.Б.Омаровқа, Т.Т.Құлжаевқа, А.Е.Наурызбаевқа, А.Ж.Қазиханға, Т.Б.Әбділдинге, К.Конекбаевқа, Е.Қ.Мұхайысовке, М.Қ.Рановқа, Б.Ә.Жолымбетовке, Қ.М.Аймуханбетовқа, А.Р.Шуленбаевқа,  Б.Құдайбергеновке, Е.Е.Әбентаевқа, К.Б.Ділдабаевке, Б.Ж.Жанпейсовқа, С.Қ.Құдабаевқа, Ж.Е.Махановқа, Ж.М.Молдақұловқа, Н.Б.Садықовқа, Д.Қ.Сахиға, М.К.Аманғалиге, Ә.К.Мысинға қатысты шығарылған заңсыз қаулылардың күші прокурорлық қадағалау актісін енгізу арқылы жойылды.
Аталған азаматтар осыған байланысты, аудандық ІІБ-не арыз жазып,  айыппұл сомасын қайтаруыңызға құқылы екендіктеріңізді түсіндіреді.
Тексеру қортындысы бойынша 65 адамның құқығы қорғалып, Ырғыз аудандық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С.Е.Тұрабаевты және аудандық ІІБ-нің учаскелік полиция инспекторлары Б.Әбдіреев, Ш.Төлебаев, Н.Сарин, Е.Тәжіғұлов, М.Өтемұратов, Н.Еділбаев, М.Әкімгерей, Б.Тәжіғұлов, А.Төлегенов, А.Кіртасов тәртіптік жазаға тартылды.

Ырғыз ауданы прокурорының
көмекшісі 3 сыныпты заңгер                                                                        Б.Н.Қали

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу