Балалар мекемелеріндегі заңбұзышылықтар туралы

31 наурыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Хромтау ауданының прокуратурасы Хромтау қаласындағы балабақшаларды тексеру барысында  балаларды балабақшаға орналастыру кезінде (№ 1 "Күншуақ" балабақшасы) ата-аналардан төсек-жайма жинақтамасын, сүлгілер және  жеке гигиеналық құралдарын, осы мақсаттарға аудан бюджетінен қажетті қаражат келісімшарт негізінде кәсіпкерлер шоттарына аударылғанмен, талап еткендігі анықталды.

Осыған ұқсас, бөлінген бюджеттік қаржы бола тұра, балабақша түлектері үшін, ата-аналардан ақша қаражатын жинау есебінен сыйлықтар (қуыршақтар, кітаптар) сатып алу жүзеге асырылған.

Ата-аналардан 2015 жылы жиналған ақша қаражатының жалпы мөлшері  400 мың теңгеден астам соманы құрайды.

Хромтау қ. №2 санаториялық бөбекжай-балабақшасын тексеру барысында жеткізілмеген проектор үшін (құны  147 мың тг.) кейіннен түгендеу есебі  тізімдемесіне енгізу  және 25 пайыздық  тозу   мөлшерін белгілеу арқылы төлемін өтеу  жүзеге асырылған. 

Тексеру материалдары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

 Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу