Ауруханадағы науқастарға сақтау мерзімі өткен тамақ өнімдері мен дәрілік заттарды беруге жол берілмеді

13 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Хромтау ауданы прокуратурасымен «Құқық және Денсаулық» атты өңірлік бағдарламасына сәйкес Хромтау орталық аудандық ауруханасында тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнамасы мен өрт қауіпсіздігі туралы заңнаманың талаптары өрескел бұзылғандығы анықталды.

Атап айтқанда, тексеру кезінде дәріхананың қоймасын жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 28 таблеткадан тұратын 1 қорап «Проскар 5 мг» атты және әрқайсысы 14 таблеткадан тұратын 3 қорап «Ультрокс 20» атты дәрілері сақталып тұрғандығы, сонымен Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің Кодекстің 69 бабы бұзылғандығы анықталды.

Сонымен қатар, тамақ өнімдерін сақтау қоймасын тексеру кезінде осы қоймада орналасқан тоңазытқыштарында жарамдылық мерзімдері өткен салмағы 500 грамм 1 қорап айран өнімі, 3 қорап «Простоквашино» атты әрқайсының салмағы 220 грамм болатын сүзбе (творог) өнімі, зауыт қаптамаларында дайындау және сақтау мерзімдері көрсетілмеген 6 қорап «какао» және 5 қорап әрқайсысының салмағы 4 кг барлығы 20 кг миіз қосылған сүзбе (творог), сәйкестік сертификаттарының жарамдылық мерзімдері дрожжи және күріш өнімдері сақтау тұрандығы анықталды.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1665 және 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 санды қаулыларының талаптары бұзылған.

         Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 санды қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарының бұзылуына жол берілген.

Атап айтқанда аурухана қызметкерлері өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша кезекті оқудан өткізілмегені, аурухананың барлық бөлімшелері бойынша өрт қауіпсіздік нұқсаулығы, өрт қауіпсіздік нұсқаулығын тіркеу журналы жасалмағаны, аурухана қызметкерлері өрт жағдайында іс-қимыл әрекеттерін, нұсқаулығын білмейтіні, аурухананың емханасы бойынша бірінші қабаттың коридорының жарлары жанғанда химикалық түтін бөлетін затпен қапталған, эвакуациялық есіктердің ашылу бағыты талапқа сай еместігі, дәріхана қоймасында эвакуациялық жолы әр түрлі заттармен жабылып тасталғаны және алғашқы өрт сөндіру құралдары жарамсыз екені, аурухананың бірінші қабатының терезелері темір металл торларымен жабылғаны, ауыр халдегі науқастар мен балалар көп қабатты аурухананың бірінші қабатына орналастырылмай, үшінші және төртінші қабаттарында орналастырылғаны анықталды.

Сонымен бірге, тиісті маман болмауына байланысты мүгедектігі бар диспансерлік есепте тұрған балалар массаж алмайтыны анықталды.

Хромтау ауданының прокуратурасымен қолданылған ықпал ету актілеріне сәйкес осы мекеменің 7 қызметкерлері әртүрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мерзімі өткен тамақ өнімдері мен дәрілік заттары тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарымен жойылып, сонымен қатар, аурухананың бас дәрігерінің атына заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс енгізілді.

 

Ақтөбе облысы

Хромтау ауданының прокуратурасы

(Ақтөбе, 13 маусым 2013 жыл)

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу