Аудандағы округ әкімдерімен шығарылған шешімдер қаншалықты заңды?

27 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шалқар аудандық прокуратурасымен 4 тексеру  нәтижесінде қалалық, селолық әкімдікпен қабылданған 5  шешімге наразылық келтіріліп, оның ішіндегі 4 шешімдер заңға сәйкестендірілсе, бір нормативтік құқықтық акті негізінде шығарылған шешім арнайы мемлекеттік органдарға тіркелмей шығарылуына байланысты наразылықпен бұзылып, соңында осы шешімді шығарған Қауылжыр селолық округінің әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

            Мысалы, Қауылжыр селолық округі әкімі 05.04.2013 жылы селолық округі аумақтарын көктемгі санитарлық тазалау, абаттандырудың екі айлығын өткізу туралы (яғни: «Меншік түріне қарамастан селолық округ территориясында орналасқан мекеме, кәсіпорын, қоғамдық ұйымдар бекітілген көшелердің тазалығын қалпына келтіріп, күтіп ұстау жұмыстары №1 қосымшаға сәйкес жүргізу туралы» №4 санды шешім қабылдаған.

            Көрсетілген шешім мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық акт, өйткені ол маңызы бойынша жалпыға мiндеттi, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты, сонымен қатар кәсiпкерлiк қызметтi реттейді. Ал, бұл шешімді шығару кезінде жақтардан ешқандай келiсiм құжаттары сұратылмаған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғалып отырғанына қарамастан, олар бойынша тиісті сараптамалық қорытындылары  алынбаған.

            Сондықтан аудан прокурорымен аталған шешімге наразылық енгізіліп бұзылды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБТК-нің 353-бабы 1-бөлігімен селолық округі әкіміне қатысты әкімшілік іс өндірісі қозғалып, аудандық сот қаулысымен оған айыппұл салынды. 15.06.13 жылы сот қаулысы заңды күшіне енді.

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу