Ақтөбеде көше саудасы үшін жағдай жасалды

25 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысы прокуратурасының талдауы көрсеткеніндей, көше саудасымен айналысу орнының болмауы – өңір кәсіпкерлері үшін кедергілердің  бірі  болып табылады.

Бұндай орындар облыстың тек қана 5 өңірінің әкімдіктерімен белгіленген.

Қалған 8 ауданда жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін кез-келген орындарда сатқан.

Кәсіпкерлер бұл үшін, яғни  жергілікті билік органдарымен белгіленген жерден тыс орындарда сауда жасағаны үшін, негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Прокурорлық қадағалау шараларымен облыс әкімдігімен «250 орын – көше саудасына» атты жаңа бағдарлама әзірленді, Ақтөбе қаласында сауда павильондарын орналастыруға арналған 8 жер учаскесі бойынша сауда-саттық өткізілді, ауылдық аудандарда көшпелі шағын бөлшек саудасын жүргізу  үшін 123 орын белгіленді, кәсіпкерлерді ӘҚБтК 204 бабы бойынша жауапкершілікке тарту туралы ішкі істер органдарының 86 қаулысы бұзылды.

Сөйтіп, қадағалау органдарының араласуы мен шаралары негізінде өңірде көше саудасымен байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін  жағдай жасалды.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу