Ақтөбе зауытындағы төтенше жағдай, бес жұмыскер көз жұмды

08 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе зауытындағы төтенше жағдай, бес жұмыскер көз жұмды

 

Ағымдағы жылғы 28 мамырда Ақтөбе қаласындағы АХҚЗ зауытында төтенше жағдай орын алды, нәтижесінде алты жұмысшы зардап шегіп, төрт жұмысшы оқиға орнында қаза тапты, екеуі Ақтөбе қ. МЖЖА-ның жансақтау бөліміне түсті.

Трагедия күні тірі қалған екі ер адам екінші және үшінші дәрежедегі бүкіл дененің термиялық күйігін алған.

32 жастағы зардап шегушінің денесінің 60% - дан астамы күйген, 36 жастағы денесінің 30%-ы күйген. Екі жұмысшының да тыныс алу жолдары зақымданған.

03.06.2020 жылы 1988 жылы туылған зардап шеккендердің бірі көз жұмды. Оның денесінің 60% - дан астамы кең көлемді күйік алған. 1984 жылы туылған жұмысшының жағдайы тұрақты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабының 4-бөлігі (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, үш күдікті адам, оның ішінде цех басшысы қамауға алынды.

 

Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасы