Ақтөбе прокурорлары спорт арқылы командалық рухын көтеруде

13 маусым 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақтөбе прокурорлары спорт арқылы командалық рухын көтеруде - 1485811444

Ақтөбе облысының прокурорлары «Нефтяник» стадионында  спортттық эстафета өткізуге жиналды.

Іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдағы командалық рухты дамыту. 

Эстафета бес кезеңнен құралды: турникке тартылу, ұзын және қысқа қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру және арқан тарту.

Эстафета нәтижелері прокурорлардың белсенді өмір сүру салтын ұстанатындарын және спортпен жиі айналысатындарын көрсетті.

Сондай-ақ сол күні өзара сенімділікке, ұйымшылдыққа, біртұтас  командалық рухты қалыптастыруға бағытталған ТимБилдинг өткізілді, оның барысында прокуратура қызметкерлері біртұтас командаға тығыз топтаса білу қабілеттіліктерін байқатты.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі