Ақтөбе прокурорлары Премьер-Министр орынбасарын Құқықтық қызмет Орталығының жұмысымен таныстырды

16 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары  Гүлшара Әбдіқалықова  қызметтік іссапары шеңберінде Ақтөбе облысы прокуратурасының Құқықтық қызмет Орталығында болды. 

Прокурорлар, қадағалау ведомствосының қызметкерлері мен  құқық қорғау және атқарушы органдардың қызметкерлері бірлесе отырып, өтініштерді шұғыл қарау шараларын қабылдаумен қатар, тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілетін  Орталықтың жұмыс жасау принциптерімен таныстырды.

Мәселен, әкімшілік полиция, құқықтық статистика басқармасы, әділет департаментінің қызметкерлері ауыртпалықты алып тастау, айыппұлдарды тіркеу мәселелерін шешеді. Медиаторлар ауқымды жұмыс жүргізуде.

2017 жылғы шілдеде ашылған сәттен бастап Орталықта 12 мыңнан астам адамға, о.і. бір мыңнан астам арыз берушілерге ағымдағы жылы, білікті құқықтық көмек көрсетілді.

Айта кету керек, сондай-ақ Орталық базасында апта сайын облыс прокуратурасының басшылығы азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.

 

 

 

                               Ақтөбе облысының прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу