Ақтөбе облысының теологтары мен рухани қызметшілері медиативтік икем-дағдыларды оқып-үйренді

13 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақтөбе облысының теологтары мен  рухани қызметшілері медиативтік икем-дағдыларды оқып-үйренді  - 705820397

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру тәжірибесі  теолог пен рухани қызметшінің негізгі міндеттерінің  бірі – шиеленістер мен дауларды дұрыс шешу, діни көзқараста дұрыс бағыт беру және сендіре білу    болып табылатынын көрсетті.

Бүгінгі таңда бұндай мәселелерді шешуде медиацияның әлеуеті зор.  

12 желтоқсан күні облыс прокуратурасымен  «Өзгерістер бағдарламасы» шегінде құқық қорғау қызметтері Орталығының базасында Өңірлік медиация Орталығының басшысы А.В.Куртаеваның «Діни қоғамдастықтағы медиация Институты» тақырыбындағы тренингі ұйымдастырылды.

Тренингке облыстық діни істер Басқармасының қызметкерлері, теологтар мен рухани қызметшілер қатысты. 

Оларға  дауларды шешудің, сындарлы келіссөздер құру мен оларға тартудың, өз көзқарастарының дұрыстығына сендіре білудің   баламалы икем-дағдылары (жобалары)  оқытылып-үйретілді. 

Өңірлік медиация Орталығы мен облыстық діни істер Басқармасының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу