Ақтөбе облысының прокуроры ауыл тұрғындарының мәселесін шешуде

10 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақтөбе облысының прокуроры ауыл тұрғындарының мәселесін шешуде - 778885885

  «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы аясында Ақтөбе облысының прокуроры М.Қайбжанов облыс әкімі, сот және құқыққорғау органдары басшыларымен бірге жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына барды.

Қандыағаш қаласында, Ақкемір және Сағашилі елді мекендерінде халықпен кездесіп, ауданның күрделі мәселелері және заңдылық жағдайымен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шаралары талқыланды.

Кездесу барысында облыс прокуроры М.Қайбжанов облыс аумағындағы және Мұғалжар ауданындағы қылмыстылық жағдайына тоқталып өтті.

Бұған дейін облыс прокурорымен бекітілген Мұғалжар ауданындағы проблемалық мәселелерді жою жоспарының орындалу барысы мен алдағы уақытта атқарылатын  шаралары баяндалды.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу