Ақтөбе облысының прокуратурасында жаңа тағайындау

04 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасында жаңа тағайындау

 

         Бас Прокурордың бұйрығымен Ақтөбе қаласы Астана ауданының  прокуроры болып әділет кеңесшісі Майнгарт Иван Вадимович тағайындалды.

         И.В. Майнгарт 1982 жылы туған, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

         Прокуратура органдарында қызметін 2003 жылы Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы прокуратурасының бөлім прокурорының міндетін атқарушы қызметінен бастаған. Әр жылдары Қарағанды және Алматы облыстарының прокуратураларында түрлі лауазымдарда жұмыс атқарған.

         Басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар, Алматы облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасын басқарды.

         Ақтөбеде тағайындалғанға дейін, 2019 жылдың сәуірінен бастап Алматы облысы прокурорының ішкі тергеулерді қамтамасыз ету жөніндегі аға көмекшісі болды.

         Прокуратура органдарында 16 жылдан астам еңбек өтілі бар.

 

                                  Ақтөбе облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу