Ақтөбе облысының прокуратурасы коммуналдық қызмет көрсету құнын төмендетті

08 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасы монополияға қарсы органмен бірлескен талдау нәтижелері бойынша, коммуналдық қызмет көрсету, атап айтқанда  электр энергиясымен  және   жылумен қамтамасыз ету тарифтерін төмендетті.   

Мысалға,  «Актобеэнергоснаб» ЖШС қызметінде жалпы сомасы  122,1 млн. теңге мөлшеріндегі үстеме пайда алу фактілері анықталды.  

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша  басқа тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу бағасы 1 кВтс. үшін 17,62 теңгеден 17,23 теңгеге дейін азайтылды.

Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғындары үшін «Коммунальщик» МКК берілетін жылумен қамту тарифтері 490,41 теңгеге төмендетілді.  

Бұл ретте  монополист, жылу энергиясы бағасының құнына қосылған  жалпы сомасы 62,8 млн. теңге тарифтік сметаны орындамаған.

Нәтижесінде кәсіпорын  1 Гкал үшін тарифті  3131,66 теңгеден  2641,25 теңгеге дейін төмендетті.

Тарифтік сметаларды орындамағаны үшін, жылу энергиясын өндіретін 7 табиғи монополия субъектісі: «Трансэнерго» АҚ,  «Коммунальщик» МКК, «Эмба жылу» МКК,  «Шубаркудык жылу» МКК,  «Жемжылу» МКК, «Никельтау жылу» МКК,  «Мартук сервис» МКК әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу