Ақтөбе облысында қылмыс төмендеуде

02 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының біріккен үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде аумақта қылмыстың төмендеуіне қол жеткізілді.

А.ж. І-тоқсанымен өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда барлық санаттағы қылмыстардың төмендегені байқалады.

Облыс бойынша қылмыс 26%-ға немесе 3275-тен 2435-ке төмендеген. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 18%-ға (27-ден 22-ге), ауырлығы орташа қылмыстар 44%-ға (2231/1248), онша ауыр емес қылмыстар 30%-ға (484/354) аз жасалған.

Егер тұрғындар үшін маңызды қылмыс түріне қарай айтатын болсақ, адам өлімі 7%-ға (15-тен 14-ке), қарақшылық 62%-ға (8-ден 3-ке), ұрлық 39%-ға (1842-ден 1125-ке), оның ішінде пәтер ұрлығы 36%-ға (370-тен 235-ке), тонау 48%-ға (79-дан 41-ге), бұзақылық 41%-ға (211-ден 124-ке) төмендеді.

          Жеке адамдарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, оның ішінде зорлау 75%-ға (24-тен 6-ға), кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар 44%-ға (9-дан 5-ке), қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 42% (1478-ден 859-ға), отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған қылмыстар 50%-ға (16-дан 8-ге) төмендеуіне қол жеткізілді.

          Бұл нәтижелерге жету мүмкіншілігі қылмыспен күрес жүргізудің бірден-бір шаралары ретінде тұрғындар назарына құқықбұзушылықтар бойынша профилактика жүргізу болып табылады.

Елдегі төтенше жағдайды ескере отырып, төтенше жағдай кезінде келесі қылмыстарды жасағаны үшін Қылмыстық кодексімен қатаң жазалар көзделген, олардың қатарында көрінеу жалған ақпарат тарату, билік өкіліне бағынбау, билік өкіліне қатысты күш қолдану, құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық және әскери қылмыстар жатады.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде басқада қылмыстар жасау қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының прокуратурасы қала тұрғындарын заң және тәртіпті сақтауға, дүрбелеңге салынбауға, сабырлық танытуға, уәкілетті органдармен белгіленген шаралар мен уақытша шектеу талаптарын сақтауға, жалған ақпараттарға сенбеуге, тек ресми ақпарат көздерін басшылыққа алуға шақырады.

Ақтөбе облысының прокуратурасы