Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы прокурорының наразылығы бойынша жұмысшының конституциялық құқығы қорғалды

27 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ырғыз ауданы Тәуіп селолық округі Әкімінің 02.05.13ж. №16-ө санды өкімімен селолық әкімшіліктің жұмысшысы Ә.Ақмурзинге кезекті еңбек демалысы ұзақтығы 24 (жиырма төрт)  күнтізбелік күн және оған  экологиялық 7 күнді қоса есептегенде 2013 жылдың мамыр айының  02-нен бастап маусым айының 02-не  дейінгі аралықта берілген.

Бұл өкім заң талаптарына қайшы алынғандықтан, аудан прокурорымен наразылық енгізіліп, заңға сәйкестендірілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 103-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен кестелеріне қатысынсыз, еңбек демалысы күндеріне тура келетін, мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.

            Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 3-бабына сәйкес, 7 мамыр - Отан қорғаушы күні; 9 мамыр - Жеңіс күні -Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер қатарына жатқызылған.

Яғни, мамыр айының «7 және  9»  күндері –  мереке күндері болып есептеледі.

            Алайда, Ә.Ақмурзинге еңбек демалысын беру кезінде, Заңның бұл талаптары ескерілмей, оның еңбек демалысына тиісті 24 күн ішінде  мереке күндері  есепке алынған.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде заң талабына қайшы алынған өкім өзгертіліп, Ә.Ақмурзинге  қосымша 2 күн еңбек демалысы беріліп,  конституциялық құқығы қорғалды.

Ырғыз ауданының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатындағы жұмыстарын жалғастыруда.

Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу