Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

21 маусым 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың бұйрығымен Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына 1973 жылы туған,  аға әділет кеңесшісі Рахметов Қуандық тағайындалды.

Рахметов Қ.Қ. құқық қорғау органдарында 1997 жылдан, прокуратура органдарында 2001 жылдан бастап қызмет атқарады.

Әр түрлі уақыт кезеңдерінде Павлодар облысы прокуратурасы және Бас прокуратурада әртүрлі лауазымдарда  қызмет атқарған.  

Ақмола көлік прокуроры, Павлодар облысының Лебяжинск ауданының прокуроры, Бас прокуратураның Басқарма бастығы – басшылық лауазымдарында жұмыс тәжірибесі  бар.

Осы тағайындалуға дейін Қазақстан  Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының  қылмыстық саясат және жазаларды орындау  мәселелерін зерттеу Орталығын  басқарған.

Құқық қорғау қызметіндегі жалпы еңбек өтілі 21 жылдан астам.

 

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу