Ақтөбе облысы прокуратурасының жас мамандарының кәсіби қызмет мәселелері бойынша семинар-слеті

28 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе  қ. Ақтөбе облысының прокуратурасы 28 маусым 2013 жылы прокуратура органдарының  жас мамандары үшін кәсіби қызмет мәселелері бойынша семинар- слет ұйымдастырып, өткізді.

Семинар жұмысына  Ақтөбе облысының прокуроры Н.М.Әбдіров, облыс прокурорының орынбасарлары, облыс прокуратурасының Оқу орталығының  Басшысы, жас мамандардың тәлімгерлері мен облыстық прокуратура органдарының  жас мамандары қатысты.

Осы семинардың басты мақсаты –  жас мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыру, прокурор мамандығын игеруде тәлімгерлермен алғашқы көмек көрсету.

Аталған семинардың өзектілігімен қатар, Ақтөбе облысының прокуроры Н.М.Әбдіров,  өз сөзінде: Елбасының «2050-Стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясатының алғашқы міндеттерінің бірі – білімді де кәсіби икем-дағдылары қалыптастырылған  білікті мамандандарды даярлау мен олардың кәсіби шеберлігін арттыру болып табылатыны  туралы атап көрсетті.

Сондай-ақ семинар барысында заңгерлер, тәжірибелі мамандар,  қрылымдық бөлімдердің басшылары сөз сөйледі. Жас мамандарға  біздің жерлесіміз Қазақстанның еңбек сіңірген Заңгері, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының  Құрметті   қызметкері,  Қазақстан Республикасының бұрынғы  Бас Прокуроры Өтеген Сейітұлы Сейітов туралы деректі фильм көрсетілді.  

Семинар-кеңесте жас мамандардың  теориялық білімдерін тереңдету, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді зерделеп, олардың прокуратура қызметіндегі практикалық дағдыларын қалыптастыру, прокурорлық қадағалаудың тактикалық және әдістемелік кәсіби деңгейін көтеру жүзеге асырылды.

Слет барысында облыс прокуратурасы аппаратының қызметкерлері жас мамандарға прокурорлық  қадағалау мен азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізу, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау қызметінің негізгі бағыттарының ерекшеліктері туралы мәлімет берді, семинар-слетке қатысушылар арасында  жалпы тұтастай  алғанда прокурорлық  қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша  қызу ой бөлісулер болды.

Прокуратура органдарының жас  мамандары слетті ұйымдастырушыларға  өз ризашылықтарын білдірумен қатар, өткізілген семинардың пайдалылығы туралы   айта отырып,  мұндай іс-шараларды алдағы уақытта   да жүйелі өткізу қажеттілігін атап  өтті.

Бүгінгі семинарда білікті қызметкерлер жас мамандарға өз баяндамаларын түбегейлі жеткізу арқылы семинардың негізгі мақсаты орындалды.

Ақтөбе облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу