Ақтөбе облысы прокуратурасының 2019 жылдың 6 айындағы қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы жұмыс нәтижелері туралы

30 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы мемлекет және қоғам мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде.

Ағымдағы жылы жүргізілген тексерулермен 297 мыңнан астам азаматтың құқықтары қорғалды. Бұзушылықтарға жол берген үшін 336 тұлға  әртүрлі жауаптылық түрлеріне тартылды. Прокуратурамен алынған шаралардың негізінде мемлекет пайдасына 1,3 млрд.теңгеден астам қаржы өндірілді.

Мысалға, мұғалімдердің еңбек құқықтарының сақталуына жүргізілген тексерумен 813 мұғалімге ерекше мұқтаж балалармен жұмыс жүргізгендері үшін үстемеақы төленбегені анықталды. Мұғалімдер заңнамамен көзделген базалық айлықақыға қосымша төлемақыны екі жыл бойы алмаған. Прокуратураның араласуынан кейін заң бұзушылықтар жойылып, 6 млн.теңге берешек толығымен өтелді.

Сонымен қатар, прокуратураның шаралары бойынша 2 мыңнан астам қызметкерге еңбекақы бойынша 190 млн. теңгеден астам берешек өтелді.

          Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру арқылы жасөспірімдер қылмыстылығын, яғни жасөспірімдердің өздерімен жасалған қылмыстарды 20% және жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстарды 22% төмендетуге қол жеткізілді.

                Пайдаланылмаған жер телімдерін мемлекет қайтару үшін де шаралар алынуда, ағымдағы жылы 113 пайдаланылмаған жер телімі мемлекетке қайтарылса, ал 180 жер телімінің игерілуі қамтамасыз етілді.

                Сонымен қатар, БАҚ-да Ақтөбе қаласындағы өзендеріне жүргізілген тазарту, арналарын тереңдету жұмыстары кең жарияланды.

         Прокурорлық тексерумен мердігер мекемелермен аталған жұмыстарды жүргізу барысында жіберілген бұзушылықтар анықталды.

Ағаш кесу жұмыстары уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылып, соның салдарынан 600 астам түп ағаш, оның ішінде қызыл кітапқа енгізілген тұқым («Жабысқақ қандыағаш») заңсыз кесілгені анықталды. Келтірілген залал мөлшері 7 млн.астам теңгені құрайды. Сондай-ақ, көрсетілген жобалар бойынша қоғамдық тыңдау өткізу барысында жіберілген бұзушылықтар анықталды

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау  актілері енгізілді, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

         Бұған қоса, прокуратура материалдары бойынша полиция органдары мен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелердің қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 340-бабы бойынша (бұдан әрі  – ҚК, ағаштарды заңсыз кесу), ҚК-тің 339-бабы (өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен айналысу), ҚК-тің 362-бабы  (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану ) және ҚК-тің 370-бабы  (салғырттық, яғни қызмет бабындағы әрекетсіздік) 7 сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірістері тергелуде.

 

                                                                          Ақтөбе облысының  прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу