Ағымдығы жылдың 4 айындағы қылмыстылықтың төмендеуі туралы

19 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.ж. 4 айындағы қылмыстылықтың төмендеуі туралы

         Ағымдағы жылдың төрт айында Ақтөбе қаласы Астана ауданы бойынша уәкілетті органдардың қылмыстылықты алдын алу бойынша іс-әрекеттерін уақтылы үйлестіру есебінен криминогендік жағдай 38% төмендеуімен сипатталады.

         Қылмыстардың барлық түрлері бойынша, соның ішіндегі аса ауыр қылмыстардың 50% - ға, қарақшылық 75 % - ға, тонау 60 % - ға, бұзақылық пен қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 50% - ға төмендеуі байқалады.

         Астана ауданы бойынша ағымдағы жылдың төрт айында қабылдаған үйлестіруші шаралардың негізінде бірде-бір адам өлтіру фактісі тіркелген жоқ, өткен жылы олардың саны жеті болған.

         Республика аумағында төтенше жағдай кезінде азаматтардың тәртіптілігінің ерекшелігін  атап өткен жөн.  Аталған кезеңде (а.ж. 16 наурыздан 11 мамырға дейін) қылмыс 50% – ға төмендеді. Атап айтқанда, пәтер және қалта ұрлық деректері азайды.

         Осылайша, Республика бойынша төтенше жағдай кезінде Ақтөбе қаласы Астана ауданы бойынша ТЖ режимін сақтау нәтижесінде және аудандық прокуратурасының үйлестіру шараларымен ТЖ тұрақты жағдайға жетті.

                                                                         Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасы