Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 23205
    Дата: 20.04.2016 10:34:46
    Аты-жөні: Оразова Балзада
    Сұрақ:
    Мен Оразова Балзада Шәкиқызы Шалқар ауданы Жылтыр селолық округінің тұрғынымын.Мен Жылтыр селосындағы балабақшада 2013-ші жылдан бері аспазшы қызметін атқарамын.Менің айлығымды әлі күнге дейін толық төлемей отыр.Сол себепті сіздерге осы хатымды жолдап отырмын.Сіздерден өтініш шешіп беріңіздерші.Біздің балабақшада бала саны толық.Мен қазір жарты айлығымды алып жүрмін.Ешкімге де назар аудармай тікелей сіздерге хатымды жолдап отырмын. адресс Шалқар ауданы Жылтыр селолық округі көше Ардагерлер 6 дом телефон 871335 77-1-67,сот тел 87058013253
    Жауап күні:
    2016-05-04
    Жауап:
    Шалқар ауданы Жылтыр селолық округі Ардагерлер көшесі 6 үй Б.Ш.Оразоваға Құрметті Балзада Шәкиқызы! Ақтөбе облысы прокуратурасында Сіздің еңбек қатынастарына байланысты бұзылып отырған құқықтарыңызды қорғау туралы арызыңыз қаралды. Анықталған мән-жайларға қарағанда, Сіз 2012 жылдың наурыз айынан бастап Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінде орналасқан «Балбөбек» мектепке дейінгі балалар мекемесі» МКҚК-де 28.03.2012 жылғы №8 санды бұйрық негізінде уақытша 0,5 ставкамен көмекші аспаз қызметіне қабылданып, 01.03.2013 жылғы №4 санды жұмыс берушінің бұйрығымен көмекші аспазы қызметінен, аспаз Ж.Сүйеубайдың орнына 0,75 ставкасы жүктемесімен аспазшылыққа ауыстырылғансыз және сол күні балабақшаның меңгерушісі мен Сіздің араңызда еңбек келісім шарты жасалған. Көрсетілген келісім шарт негізінде бүгінгі күнге дейін 0,75 ставкасы жүктемесімен жұмыс жасап, еңбекақы төленіп келген. Ал арыздарыңызды қараған құзырлы органдармен жұмыс беруші тарапынан Сіздің еңбек қатынастарына байланысты құқықтарыңыздың бұзылып отырғаны туралы фактілер анықталмаған. Шалқар ауданы прокуратурасымен Сіздің арыздарыңыз бойынша заң талаптарын түсіндіріле отырып (жеке қабылдаудан), жазбаша жауаптар берілген. Олай болса, бүгінгі таңда арыздарыңыз бойынша прокурорлық ықпал ету шараларын қолдануға негіздер жоқ. Сонымен қатар, еңбек қатынастарына байланысты туындаған дауларды Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 159 бабы талабына сәйкес сотқа талап арыз беру арқылы шешілуге жатады, сондықтан еңбек қатынастарына байланысты құқыңыз бұзылды деп санасаңыз, сотқа талап арыз беру арқыры шешуге құқылы екеніңізді түсіндіремін. Осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылысыздар. Ақтөбе облыстық прокуратурасы
  • Сұрақ №: 23169
    Дата: 18.04.2016 21:43:57
    Аты-жөні: Хуанар Таншолпан
    Сұрақ:
    Саламатсызба Гани Иранович Сізге осыдан 3 ай бұрын алаяқтық жөнінде өз ісімнін қараусыз қалғандығы туралы пікір жазғанмын.Сол пікірді жазганан кейін менің ісімді заречный бөлімшесіне жіберді.сол 3 айдан бері еш нәтиже көрген жоқпын.Сізге қояр сұрағым неге ол істің бір шешімін шығармайды.Барлық дәлел бар Істі барлығын мойынына алғаны туралы түсінік хатта бар.Сонда басқа қандай далел керек сол туралы айтып берсеңіз.Мен бұл істің соңында жүргеніме бір жылдай уакыт болды,егер нәтиже шығара алмаса неге аитылмайды.Мен басқа да жерге шағымымды жазар едім.
    Жауап күні:
    2016-04-27
    Жауап:
    Құрметті № 51187 санды блог қолданушысы Хуанар Таншолпан Хуанарқызына! Блокқа сұрақ жолдау барысында Сізбен қолдану келісімі шарттары сақталмаған. Сіздің назарыңызды аударамыз, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерге қатысты, сонымен қатар прокурорлық ықпал ету шараларын алу, тексерістер жүргізу туралы арыз немесе шағым Қазақстан Республикасы прокуратураларына келесідей тәртіпте беріледі: -қолмақол -почта байланысы арқылы -www.115.kz электронды порталға www.115.kz электрондық порталға арыз жолдау үшін, халыққа қызмет көрсету (ХҚКО) арқылы алынатын электронды санды қолтаңба (ЭСҚ) болу қажет. Ақтөбе қаласының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 22788
    Дата: 31.03.2016 20:42:22
    Аты-жөні: Сисенбай Нұрлыбай
    Сұрақ:
    Ақтөбе облысы әкімі Б.М.Сапарбаевқа Ақтөбе облысының бас прокуроры 3сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Н.М.Әбдіровке Ашық хат Құрметті Б.Машбекұлы және бас прокурор! Біздер, дәрігерлер Сисенбай Н.Қ, және Меңдібаев Ә.Ж Сізге лауазымдық қызмет бабын асыра пайдаланып, қызметкерлерін қудалаумен заңсыздыққа жол беріп отырған Ақтөбе облыстық «қарттар мен мүгедектер интернат үйі» директоры Е.С.Бейсқалиевтың үстінен хат түсірген едік (қараңыз: 18.02.2016 ж. №161500000140000297). Хат қолыңызға тиді және мәселе өз бақылауыңызда ғой деп үміттенеміз. Қызыл судай жүремін - деді ме, ол басшылыққа келген 1 жыл 5 айдың ішінде қырына іліккен 13 адам түрлі желеулермен жұмыстан шығарылды. Мемлекеттік мекемелер арасында аз уақыт ішінде осыншама адамды қызметінен кетіріп, көш бастап тұр десек те болады. Мемлекеттік қызмет туралы ҚР заңының 28-бабы, 4 тармағына сәйкес және мемлекеттік қызметші өз іс-әрекетінің заңсыздығы үшін жауап беруі тиіс. Жұмыс беруші Е.С.Бейсқалиевтың тарапынан біздің де заңсыз қызметімізден шеттетілгеніміз туралы және ҚР Еңбек кодексінің заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін мекеме директорының іс-әрекетін заңсыз деп танып, наразылық келтіруді, оны жауапкершілікке тарту жөнінде уәкілетті орган оның құрылтайшысы «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру ж/е әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-сі басшысы А.Әмірғалиевке арыз жаздық. Ол, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме директорының өзіне ведомостволық бағыныштылығына қарамастан, «интернат үйі дербес заңды тұлға болып табылады, мекеме басшысының шешімдері өз құзіретінде қабылданады» - деп, жұмыс беруші Е.С.Бейсқалиевты жауапкершілікке тартудан үзілді-кесілді бас тартты (қараңыз: №1-5-09/903, 24.02.2016 ж). ҚР әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (біздің жағдайда «қарттар мен мүгедектер интернат үйі» мен «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру ж/е әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-сі ), онда олардың арасында төтелей қатынастар туындайды. Демек, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары соған өкілеттік берілген билік органдары мен оған бағынышты субъекті иелері арасында шешіледі. Осы тұрғыдан қызметкерлерінің еңбек құқықтарын бұзғаны үшін Е.С.Бейсқалиев жоғарғы орган тарапынан әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылуы тиіс еді. Себебі бұл екі мекеме өз-ара бағынышты бір құқықтық қатынастардың «субъектілері» болып табылады. Бірақ олай болмай тұр?! Осылай өз әкімшілігінен жанама қолдауға ие болған жұмыс беруші бүгінде шын мәнінде ұжымның берекесін кетірген ұя бұзар, шідер үзерге айналды. Орын алған заң бұзушылықтар туралы бірнеше мәрте облыс және қала прокурорына: 18.02.2016 ж. ЖТ-С-0301-16-00775; 10.03.2016 ж. ЖТ-С-03000-16-01481; 10.03.2016 ж. ЖТ-ҰЖ-16-01175; ЖТ-С-03000-16-01463 санды «Шағым» хаттар жаздық. Осы заң бұзушылыққа Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығы» араласып (төраға Айжарықов Т.Ж), еңбек қатынастарына қатысты құжаттармен танысу, басқа да деректерге талдау жасау және аталмыш мекеменің жауапты басқа да қызметкерлерімен кездесуден соң Ақтөбе қаласының прокуроры Ғ.И.Әміровке «Қарттар мен мүгедектер интернат үйі» ММ-сінің директоры Е.С.Бейсқалиевтың тарапынан еңбек шартының бір жақты және заңсыз бұзылғанын анықтап, жұмыс берушінің шығарған 2016 жылдың 16 ақпанындағы №87-жс және 88-жс санды бұйрықтарын «заңсыз» деп танып, «наразылық» келтірді. Сондай-ақ, ҚР Еңбек Кодексінің талаптарын тиісінше сақтамай, мемлекет кепілдігіндегі қызметкерлердің еңбек құқықтарын өрескел бұзғаны, оларды заңнан тыс жұмыстан шығарғаны үшін «мекеме директоры Е.С.Бейсқалиевты жауаптылыққа тарту» туралы ҰСЫНЫС келтірді (қараңыз: шығыс құжаты - №70-03, 29.02.2016 ж). Екіншіден, бұған қосымша «ҚР-сы мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету кәсіподағы, Ақтөбе облыстық филиалы» төрағасы А.Бимұратов мырза да Еңбек Кодексінің 54 бабының 1 тармағы, 10,11 баптарының талаптары «жұмыс беруші» тарапынан бұзылғанын көрсетіп, еңбек заңнамасына сай шығарылмаған актілердің жарамсыз деп танылатынын және қолданылмауға тиістігін және ҚР «Кәсіподақтар туралы» заңның 16 бабын және Еңбек Кодексінің 20 бабын басшылыққа алып, Е.С.Бейсқалиевтың заң талаптарына қайшы шығарған бұйрықтарының күшінің жойылуын сұрап отыр (қараңыз: Шығыс құжаты - №560, 29.02.2016 ж). Айтарымыз, заңсыздықты әшкерелеп, наразылық келтіріп, біздерге құқықтық және консультациялық көмек көрсетіп, бұзылған еңбек құқықтарымызды қорғауда аумақтық (Айжарықов Т.Ж), салалық (А.Бимұратов) кәсіподақтар федерациясы өз істерімен ҚР-ның Бас прокуратурасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ талаптарын бұлжытпай орындауымен ерекшеленді. Осы жерде облыстық кәсіподақ ұйымының мемлекеттік органдармен заңдылықтың сақталуы бағытындағы міндеттемелерін орындаудағы бірізділігіне ризашылығымызды білдіреміз. Бірақ, олардың наразылығын елеп, ескеріп отырған жұмыс беруші жоқ. Бұзылған еңбек құқықтарымызды қалпына келтіруді сұрап Ақтөбе облыстық Еңбек Инспекциясы басқармасы ММ-нің басшысы М.Т.Райымқұловқа екі мәрте хат түсірдік (қараңыз: 18.02.2016 ж; 29.02.2016 ж). Қала прокуроры Ғ.И.Әміров бірнеше қайтара М.Т.Райымқұловтан «арызды мәні бойынша қарап, шешім қабылдауды» - сұраса да, өкінішке орай, міне 1 ай 17 күн өтті, әлі күнге дейін Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының басқарма басшысы М.Т.Райымқұлов ҚР-сы еңбек заңнамаларының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтап, жұмыс берушіге бұзылған еңбек құқықтарымызды қалпына келтіру туралы «ҰСЫНЫС» келтірмей мәселені негізсіз созып келеді. Облыстың бас еңбек инспекторы істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге құлықсыз. Заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы «әрекет» немесе «әрекетсіздік» түрде болып келеді. «Әрекет» — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал «әрекетсіздік» құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимылсыз бұзу деген сөз. Осы жерде ерекше айта кететін жай қала прокуроры (Ғ.Әміров) да өз құзіреті шеңберінде заңсыздыққа наразылық келтірудің орнына, мәселені ашық күйінде қалдырып отыр. Ал, наразылық келтіру тәртібі ҚР-сы Азаматтық Іс жүргізу Кодексінде нақты бекітілген. ҚР азаматтық кодексінің 6 бабы, 1 тармағы, ҚР Еңбек кодексінің 155 бабы, мемлекеттік қызмет туралы ҚР заңының 9 бабы 1 тармағының 1 тармақшасы, және Прокуратура туралы ҚР заңының 19 бабы 1, 2 тармақтары мен 28 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес мемлекеттік және құзырлы органдар еңбек заңнамасының сақталуын жүзеге асырады. Прокурор Конституцияға, заңдарға қайшы келетін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шығарған шешімдері мен іс-әрекеттеріне наразылық келтіреді. Солай бола тұра, қала прокуроры Ғ.Әміров осы уақытқа шейін, «Қарттар мен мүгедектер интернат үйі» директоры Е.С.Бейсқалиевтың 2016 жыл 16 ақпандағы №87-жс және №88-жс санды бұйрықтарын Заңсыз деп тану туралы наразылық келтіруді сұраған Облыстық кәсіподақ орталығының (Т.Айжарықов) ҰСЫНЫС-ын (шығыс №70-03. 29.02.2016ж) және жәбірленушілер Сисенбай Н.Қ. мен Меңдібаевтың Ә.Ж (09.03.2016 ж. кіріс №ЖТ-С-03000-16-01463; 28.03.2016 ж. кіріс № ЖТ-ҰЖ-0301-16-01389) екі мәрте жазған «Шағым» хаттарын да жауапсыз қалдырып отыр. Болмағасын мәселені шешудегі «әрекетсіздігін» көрсетіп, ҚР-ны Еңбек кодексінің 52 бабы 1 тармағының 8; 9; 10; 11; 13; 14; 15; 16; 17 және 18 тармақшаларын қолдана отырып, облыстық еңбек инспекциясы ММ-нің лауазымды тұлғалары М.Т.Райымқұлов пен Н.Ерекеевтың (маман) «әркетсіздіктерін» назарға алып, оларды тәртіпке келтіруды сұрап 10.03.2016 ж. (кіріс №ЖТ-ҰЖ-0301-16-01175) үшінші қайтара шағым түсірдік. Бұл жолғы сұрауымыз да жауапсыз қалды. ҚР-сы 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 15 бабының 2 тармағының 6 тармақшасына сәйкес істі шешеді деген лауазымды тұлғалар тарапынан бірнеше мәрте әрекетсіздік байқалған жағдайда: - Субъектілер мен лауазымды тұлғалар шағымдарды іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған тұлғалардың қарауына жібермеуге міндетті» деп көрсетілген. Осы заңға сүйене отырып, ешқандай шараға бармай, негізсіз уақыт оздырып отырған еңбек инспекциясының басшысы М.Т.Райымқұовты прокуратура тәртіпке келтірудің орнына, керісінше арызды «мәні бойынша қарау үшін» қайта-қайта облыстық еңбек инспекциясына жіберіп әлек. Ең өкініштісі, қала прокуроры мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының арасындағы тең құқылы және серіктестік қатынасты дамыту, адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саласында «заңсыздыққа бірлесе күресеміз» - деген ҚР-ның Бас прокуратурасы мен Кәсіподақтар федерациясының арасындағы өзара іс – қимыл туралы МЕМОРАНДУМЫ талаптарын орындамай, міндеттемелерін аяқ асты етті. Өз кезегінде Покуратура тарапынан мұндай үнсіздікті пайдаланған облыстың бас еңбек инспекторы М.Т.Райымқұлов та әліптің артын баққандай мәселені шешпей, басқаша айналдыруды, шағымдана барған жұрт тағдырымен (адам факторы) ойнаудың «түрлі жолдарын» жақсы меңгеріп алған. Айтарымыз, заңсыздықтың шешілуі еңбек инспекциясы тарапынан ұзын арқан кең тұсаумен - жыл аяғына дейін жететін түрі бар. Жалпы адамдардың бұзылған еңбек құқықтарын облыс көлемінде еңбек инспекциясымен шешу, қалпына келтіру мүмкін еместігі 24.02.2016 жылғы «Қоныс» спорт сарайында болған халықтық кездесуде де Сізге микрофон арқылы азаматтардың бірі жеткізген болатын. Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады — тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім қабылдайды. Бірақ, жоғарыда аталған «Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы» және прокуратура органы тарапынан бұл талаптар бір-біріне сілтеумен сағыздай созылатын түрі бар. Оның соңы нендей нәтижеге әкелетіні түсініксіз. Осы жайларды жария ете отырып Сұраймыз: Мәселенің бүгесі мен шігесіне тоқтар болсақ, лауазымдық қызмет бабын асыра пайдаланып, қызметкерлерін қудалаумен заңсыздыққа жол беріп отырған Ақтөбе облыстық «қарттар мен мүгедектер интернат үйі» директоры Е.С.Бейсқалиевты жауапкершілікке тартуды, бұзылған еңбек құқықтарымыздың қалпына келтірілуіне көмектесуіңізді, облыстың бас инспекторы М.Т.Райымқұловтың (орынбасары Б.М.Уразаев) «әрекетсіздігін» назарыңызға алып, заңсыздыққа жол бермеуіңізді... Құрметпен: Сисенбай Н.Қ – қарттар үйінің медицина бөлімі меңгерушісі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі. Меңдібаев Ә.Ж – қарттар үйінің дәрігер психиатры. С.Бектұрсын – өкіл, қоғамдық қорғаушы. Ақтөбе қаласы, Герцен к, 17-10 Тел: 87785976287. 30.03.2016 жыл.
    Жауап күні:
    2016-04-11
    Жауап:
    Ақтөбе қаласы Герцен көшесі 17/10 Н.Сисенбайға Қобланды батыр көшесі 48 Ә.Меңдибаевқа Ақтөбе облысы прокуратурасында Сіздердің жұмыстан заңсыз шығарылып, еңбек қатынастарына байланысты құқықтарының бұзылып отырғаны туралы арыздарыңыз,осыған дейін құзырлы органдарда жүргізілген тексеру материалдарын танысу арқылы қаралды. Осы мазмұндағы арыздарыңыз бойынша Ақтөбе қалалық прокуратурасы мен «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-де тексеру жүргізілген және нәтижесі Сіздерге хабарланған, шағымдану тәртібі түсіндірілген. Анықталған мән-жайларға қарағанда, қызмет барысында бірнеше рет еңбек тәртібін бұзғандарыңыз үшін жұмыс беруші «Қарттар және мүгедектер интернат үйі» ММ басшысы бұйрықтарымен тәртіптік жауапкершілікке тартылғансыздар. Еңбек тәртібі мен қызметтік міндеттерін қайталап орындамау фактісі бойынша жұмыс берушінің 16.02.2016 жылғы №87-же, 88-же санды бұйрықтарымен Сіздерге еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолданылған, яғни жұмыстан шығарылғансыздар. Аталған еңбек шартының бұзылу заңдылығына қатысты жұмыс беруші мен Сіздер (жұмысшы-қызметкер) тарапынан дәлелдемелер ұсынылып отыр. Олай болса, тараптардың ұсынып отырған дәлелдеріне тиісті түрде баға беру арқылы нақты бір шешім қабылдау үшін, Сіздер Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 159 бабы талабына сәйкес сотқа талап арыз беру арқылы, туындап отырған еңбек дауын шешуге толық құқылысыздар. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1, 9 баптары талабына сәйкес материалдық және моральдық шығындар сот тәртібінде қаралуға жатады, сондықтан жұмыс берушінің әрекетінде заңсыздық анықталған жағдайда, өздеріңізге келтірілген материалдық және моральдық шығындарды өндіріп ала алатындарыңызды түсіндіремін. Осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылысыздар. Ақтөбе облыстық прокуратурасы
  • Сұрақ №: 21743
    Дата: 16.02.2016 23:14:42
    Аты-жөні: Нұрлыбаев Аманкелді
    Сұрақ:
    Менің сіздерге жазған арызымызды қараусыз қалдыруыңызды сұраймын.Себебі,маған әлеуметтік көмекші беру шешілді,сол себепті сіздерге рахмет. Нұрлыбаев Аманкелді Сейтқұлұлы.Шалқар ауданы
    Жауап күні:
    2016-02-19
    Жауап:
    А.С.Нұрлыбаевқа Құрметті Аманкелді Сейтқұлұлы! Ақтөбе облысы прокуратурасында Сіздің мүгедектігіңізге байланысты күтіммен айналысатын көмекші Шалқар ауданының жұмыспен қамту бөлімімен берілмей отырғаны туралы арызыңыз қарауға түсккен болатын. Алайда, қойылып отырған сұрақтарыңыз шешілгенін, сондықтан арызыңызды қараусыз қалдыру туралы облыстық прокуратураға қосымша арыз келіп түсіп отыр. Осы аталған негіздерге байланысты Сіздің арызыңыз қараусыз қалдырылғанын хабарлаймын. Осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы екеніңізді түсіндіремін. Ақтөбе облыстық прокуратурасы
  • Сұрақ №: 21614
    Дата: 11.02.2016 15:22:10
    Аты-жөні: Айсаутова Молдир
    Сұрақ:
    Салеметсиз бе. Мен Қызылорда қаласынын тургынымын.Камелетке толмаган мектеп жасындагы еки баламыз бар. Күйеуим Актобе каласында тургылыкты мекен-жайда, жане сол калада жумыс жасайды. 2012 жылдан бастап күйеуим Керуенов Баглан Сагаладинулымен занды турде ажырастык жане ҚР Неке жане отбасы туралы Кодексінің 138-140, АГЖК-нің 139,140,145,146 баптарын басшылыққа отырып,Қызылорда қалалық сотының шешімімен алимент өндіру туралы буйрык шыкты. Осы буйрыктарды куйеуимнин жумыс орнына жолдап, 2015 жылдын тамыз айына дейн ай сайын алимент алып отырдым. 2015 жылдын тамыз айынан бастап алимент токтап калган сон зан орындары аркылы издендим. Жумыс орнынын ауыскандыгын жане казирги уакытта куйеуим Актобе каласында Жансен Кереев көшеси №7/44 мекен жайда орналаскан "Bastau Servise" ЖШС мекемесинде жумыс жасайтындыгын аныктады. Бирак казир тамыз айынан бери алыт ай болды алимент толенбей жатыр. Озим еки баламмен жалдамалы патерде турамын. Актобе калалык сот орындаушыларына хабарласып канагаттанарлык жауап ала алмадым. Толену керек кужаттарыныз жолданды деп коя салады. Сиздерге отиниш осы маселени шешип берулеринизди сураймын.
    Жауап күні:
    2016-03-05
    Жауап:
    № М.Б.Айсаутоваға Сіздің алимент өндіру туралы сот актісінің тиісті орындалмауы туралы арызыңыз Ақтөбе қалалық прокуратурасымен тексеру жүргізу арқылы қаралды. Тексеру нәтижесімен анықталғаны, 24 желтоқсан 2015 жылғы «Ақтөбе облысы әділет Департаменті» ММ-нің сот орындаушысы Б.Аширбекованың қаулысымен борышкер Б.С.Керуеновтан Сіздің пайдаңызға кәмелет жасына толмаған ортақ балаларыңызды асырап бағу үшін барлық табысының 1/3 көлемінде алимент өндіру туралы атқару өндірісі қозғалған. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай - Заң) 93 бабы 1 бөлігіне сәйкес, борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты орындау кезінде, бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ борышкердің мүлкі болмаған немесе өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда басқа да өндіріп алу бойынша қолданылады. Заңның 101 бабы 1 бөлігіне сәйкес, барлық алимент төлемдері бойынша берешекті өндiрiп алу алимент төлеушiнiң жалақысынан және басқа да табыстарынан жүргізіледі. Сот орындаушысы Б.Аширбековамен атқару өндірісін орындау кезінде борышкер Б.С.Керуеновтың «Бастау Сервис» ЖШС-де жұмыс жасайтындығы анықталған. Бұл ретте сот орындаушысы Б.Аширбековамен борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен өндiрiп алу туралы 30 желтоқсан 2015 жылғы қаулысы шығарылып, 2 ақпан 2016 жылы №11309 санмен борышкердің жұмыс орны «Бастау Сервис» ЖШС басшысына орындау үшін жолданған. Сот орындаушысы Б.Аширбекованың берешекті айқындау туралы 16 ақпан 2016 жылғы қаулысына сәйкес, борышкер Б.С.Керуеновтың 1 ақпан 2016 жылға алимент бойынша берешегі жоқ. Атқару өндірісінің әрі қарай орындалу нәтижесі туралы мәліметті Заңның 16 бабына сай аталған Департаменттен білуге құқылысыз. Сонымен қатар, Сізге Заңның 127 бабына сәйкес, сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасау құқығыңыз бар. Егер Сіз осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Ақтөбе қаласы прокурорының орынбасары кіші әділет кеңесшісі Р.Ж. Төлеуов орын: К.Самбаев тел: 22-19-64

Беттер